• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Мамыр, 2016

Сауран һәм сабақтастық

367 рет
көрсетілді

«Орнында бар оңалар» дегенді жетімге ғана емес, жетімнің күйін кешкен көне жұртқа да айтуға болатындай. Ежелгі Ақ орданың орталығы болған Сауран қаласының көне жұртына көз тіге отырып, осындай ойға қаласың... ХІІ ғасырда ірі сауда ор­талығы ретінде іргетасы қаланған Сауранда өркениеттің ізі бол­ғандығын құжат­тар әйгілейді. Қала туралы алғашқы деректер Х ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Араб тарихшысы Мақдиси өз шығармасында «Сауран – жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар», деп жазған екен. Халық арасына ислам дінінің кеңінен таралуына қала ортасындағы іргелі сол мешіт ықпал еткен көрінеді. Қазіргі кезде Сауран қабыр­ғалары мен мұнараларының қал­дықтары бар, ауданы 550-800 метр болатын дөңгелек алаң. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың VII-XVIII ғасырларға жататынын дәлелдейді (Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005). «Мың өліп, мың тірілген» қазақ, Құдайға шүкір, тәуелсіздікке қол жеткізіп, үзіліп кете жаздап барып аман қалған үміт қайта жалғанды. Бір кездері Сауранда қоныстанған халықтың ұрпағы енді жаңа жұртқа – Арқаға қоныс тепті. Сарыарқаның төсінен жаңа елорда бой көтерді. Байырғы Ақ Орданың атауы қайта жаңғырды. Елорданың төріне Елбасының Ақордасы орнықты. Заманында Сауранның ортасында бір мешіт болса, бүгінде бас қала­ның өн бойында іргелі үш мешіт жама­ғатына имандылық нәрін сіңіріп жатыр... Кездейсоқ ештеңе жоқ те­гінде. Сауран мен Астана арасында ғасырларға созылған тарихи-рухани сабақтастық бар екендігіне, сірә, талас болмаса керек. Сауранның өткен тарихынан, Астананың қазіргі бол­мысынан осыны аңғардық. Ен­деше, тарихтың тереңінен бастау алған сол сабақтастық алдағы ға­сырларға да жалғасты болғай. ШОЛУШЫ мен СУРЕТШІ