Әділет министрлігінде министр Берік Имашевтың бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесуі болып өтті. Кездесу бейресми түрде өтті. Онда Б.Имашев қонақтарға әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, дөңгелек үстел басында екіжақты әңгіме өрбіді. Ол министрліктің негізгі бағыты болып табылатын заң шығару саласына егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен қатар, министрліктің БАҚ-пен өзара іс-қимылы, ынтымақтастығы, қызметінің кейбір проблемалық тақырыптарын жариялау ерекшеліктері айтылды.
Журналистер министрге жұмыс көрсеткіштеріне, қызметтің жекелеген бағыттарын, атап айтқанда, халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету, жеке сот орындаушылары институты, зияткерлік меншік құқығын қорғау және т.б. даму перспективаларына қатысты бірқатар сұрақтар қойды.
Сонымен қатар, БАҚ басшылары министрлік құзыреті шеңберінде әлеуметтік сипаттағы, соның ішінде балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу проблемаларын шешу жолдарына қызығушылық танытты. Пікір алмасуға министрдің орынбасарлары да қатысып, кейбір сұрақтар мен ұсыныстар бойынша толық түсінік берді.
Кездесу соңында қонақтар министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларымен алдағы жұмыс жоспарын, жекелеген тақырыптық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібін жеке-дара талқылады, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.