• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2011

Скринингтік орталықтар ашылды

414 рет
көрсетілді

Оңтүстікте облыстық ден­сау­лық сақтау басқармасы мен Қазақ ғылыми-зерттеу онкология және радиология инсти­ту­ты­ның бастамасымен республи­камызда тұңғыш рет маммо­гра­фиялық және цитологиялық скринингтік орталықтар ашылды. – Былтырғы жылдың жел­тоқ­сан айында бастапқы медици­на­лық-санитарлық көмек беретін қалалық емхананың онкологтары, маммологтар, рентгенологтар, ци­то­логтарын оқып-үйреттік, – дейді облыстық денсаулық сақтау бас­қар­масының бастығы Жұмағали Исмаилов. – Енді облыс көле­міндегі қалалық аудандарда оқыту жүргізіліп жатыр. Орталықтардың негізгі міндеті – іс-шараларды үйлестіру, әдістемелік көмек көрсетумен қоса оқытып-үйрету. Басты мақсат – сүт безі және жатыр мойны қатерлі ісіктерін ерте анықтап, оларға ем жүргізіп, осы ау­ру­ға шалдыққан әйелдер өлімін азайту. Бұған қоса тік ішек, қуық асты, асқазан-ішек жолдары және қалқан­ша бездері қатерлі ісіктерін де анық­тау қарастырылған. Жұмағали Қазыбайұлының сөзі­не қосарымыз, жалпы, облыстық ден­саулық сақтау басқармасы соңғы жылдары табысты жұмыс жасап келеді. Ана мен бала өлімі айтар­лық­тай азайды. Жүрек қан тамырлары ауруларында да жағымды жаңа­лық­тар бар. Халықаралық талаптарға сай медициналық қондырғылар әке­лі­ніп жатыр. Бүгінгі ашылып отыр­ған скринингтік орталықтар  Ден­сау­лық сақтау министрлігінің жауап­­ты хатшысы Болат Сыздықовтың ай­туынша, ТМД елдерінде баламасы жоқ. Бұның бәрі басшының өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауында жатқан сияқты. Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының бастамасымен жә­не қолдауымен 2010 жылы он­ко­логиялық қызмет Оңтүстік Қазақ­стан облысындағы денсау­лық сала­сын дамытуда маңызды негізгі саланың бірі болды. Атап айт­қанда, жалпы қаржыландыру 35 пайызға (1 млрд. 80 млн. теңгеге),  дәрі-дәрмекпен қамтылуы 175 пайызға өссе, медициналық құ­рал-жабдықтармен 132 млн. тең­геге (қазіргі таңға сай тыныс­тық-жансыздандыру құралдары, төсек маңындағы мониторлар мен автоматты түрдегі анализаторлар және Қазақстанда жалғыз вакум­дық биопсиялық ультроды­быс­тық құралы сүт безі ауру­ларына) қамтылған. Радиология­лық ғи­марат 176 млн. теңгеге са­лынуда. Құрылысы бітуге жа­қын. Оған қажетті маммобус құралы алын­ған. Атап айтатын тағы бір жайт, бар­лық аудан және қала емха­на­лары қазіргі таңға сай мам­мо­гра­фиялық құралдармен қам­тылған. Гамма-терапиялық «Тера­бальт» құралы іске қосылды. Облыста скринингті әйел­дерді сүт безі және жатыр мой­ны рагіне тексеру жақсарды. Облыс әкімі Асқар Мыр­зах­метов денсаулық сақтау саласының алқа мәжілісінде басқарма жұмы­сына жақсы баға берді. Бақтияр ТАЙЖАН. Оңтүстік Қазақстан облысы.