• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2016

«Теледидар дидары қандай?»

407 рет
көрсетілді

*Сайт сөзі Газетіміздің 25 мамыр күнгі нөмірінде жарық көрген Сейфолла Шайынғазының осы аттас мақаласы бірден оқырман қауымының назарын аударды. Жарияланымға пікір білдірген көпшілік түгелдей дерлік тақырып­тың өте орынды көтеріліп отырғанына салмақ салды. Расында да ол бүгінгі күн­нің ең бір өзекті мәсе­лесін қозғағандығымен ерек­шеленеді. Қазіргі телеарналар арасында саналы көрерменге берері аз, тәрбиелік мәні мүлдем жоқ есепті хабарлар мен бағдарламаларды эфирге ұсынғаннан басқа ешбір ерекшелігі жоқтары көбейіп кетті. Автор мақалада осының бәрін егжей-тегжейлі айтып шыққан. Ендігі сөзді оқырманның өзіне қалдырайық. Олар былай деп толғайды: Дастан Бүгінгі күннің ең өзекті та­қырыбы. Дұрыс қозғалған. Те­ледидарды көруден қалдық. Одан қалды, түрік пен үндінің сериалдары әбден жүйкені жұқартып болды. Осыған министрлік тарапынан бақылау жасап, шектеу қойса ғой. Мақсот Ауылда да халық спутниктік телевидение көреді. Кешкі шайларын ішіп отырып, телевизор қараса алдарынан экстрасенстер шығады. Біздің қазақ телевидениесі – мазақ телевидение болып барады. Еркін Аралбай Автор білікті дәрігердей қоғамдағы білінбейтін мәселені дөп тауып, ой тастап отыр. Расымен осындай бейәдеп хабарлар мен шоуларға министрлік шектеу қойсын. Болмайтын арналарды жапсын! Нұрила, Өскемен Қазір неше түрлі арналар мен сол арналарда адам көрмейтін хабарлар қаптап кетті. Мен де осы мәселені қозғайтын журналистер жоқ па деп жүретін едім. Егемен елді елең еткізіп, әріптестерінің алдын орап кетті. Датұлы Қазір телеарналарды Ресейдің бағдарламалары жаулап алған. Кабельді ТВ-да да жағдай осы. Қашанғы осылай жүре береміз? Ал алаяқтардың телеарнаға шығып, халықты ақымақ қылып, айтып жатқандары анау. Асқар «Гәкку» арнасынан садағаң кетейін», деп Мырзатай Жолдас­беков ағамыз өте орынды айтқан. Мәдениетіміздің айнасы болудың орнына, мәдениетсіздігімізді паш етіп жатыр. Саян Көрсетілетін нәрсе қал­мағандай. Уақыт өткізу үшін шетелдің кинола­рын кезек-кезегімен қоя береді. Адам қызы­ғатын нәрсе болса, жөн екен-ау! Перизат Қателеспесем, осыдан 5-6 жыл бұрын болатын, сөзжұмбақ ойынына қатысып, өзімше ақша тапқым келген. Хабарлассам, алмайды. Содан соң бәленің бәрі шықты ғой. Үйге телефонның ақшасы келді, бұрынғы бағасынан 4-5 есе көп. Содан кейін қайтып жоламайтын болдым. Қадыр Өте орынды қозғалған тақырып. Қазір теледидарда көретін ештеңе қалмады. Ана қаптаған сериалдар жөнінде аз айтылған жоқ. Осы­лардың бәрін жойып, жинақтап, бір-екі арна қалдырса да болады ғой, босқа ақша шаша бергенше! Ғайни Қазір телевидение бұрынғыдай емес. Күн сайын өзгеріп жатыр. Өкініштісі сол, жақсы жағына өзгеріп жатқан жоқ. Орысша бағдар­ламалар, фильмдерді көрсетіп, рейтинг қуамын деп бір күні қалай Ресей каналдарының зомбиі болып кеткенімізді білмей қалмайық. Жәнібек Зомби ұрпақ өсіп келеді. Өзіміз де түрік, үнді, орыс арналарының зомбиі болып кеттік. Менің айтайын дегенім, жер, үй, машина жекеменшік болуы мүмкін. Ал сана жекеменшік болса ел болу қиын. Халық мемлекетшіл болу керек. Рамазан «Қазақстанда» Бейсен Құ­ран­­бектің «Айтуға оңай» бағдар­ламасы жақсы. Кезінде «31» арна­дан Берік Уәлидің «Додасын» көретінмін. «Хабардан» Нұр­сұлтан Құрманның да хабарлары жақсы еді. Ал қазір «Білім және мәдениетті» көп қараймыз. Тілеген Қазіргі арнаның көбеюі – нарық талабы. Біз қаламайтын арналардың алдында тапжылмай отыратындар бар. Қазір қандай жақсы хабарлар, кинолар шығып жатыр? Тек біз өзіміз кейде менсінгіміз келмей, Ресейдің боевиктеріне, корей мен түріктің, үндінің іші толған аяр әйелдердің іс-қимылына құрылған киноларына асығамыз. Неге балаңыз сізге пультті бермей «Балапан» арнасын көреді? Демек, оның өз таңдауы, талғамы бар. Алаш Қазақстанның телеарналары арзан ойын-сауық, жеңілтек каналдар болып кетті. Әсіресе, бұл арналарды әйелдер қауымы тапжылай отырып көретін болды. Құдірет Менің Қазақстанның телеарналарын көрмегеніме біраз болды. Себебі, адам қызықтыратын ештеңе жоқ. Бүгінде телеэкранға кім болса сол, шыға беретін болды ғой. Әншілердің бәрі фонограммамен ән айтады. Дидар Жарнаманың уақытын азайтса екен! Әсіресе, 31-арнадан Голливудтың киноларын көріп бітемін дегеніңше, түннің бір уағы болады. Сұлтан Отар Мақала дұрыс жазылған. Сей­фолла Шайынғазы мәселені жақсы көтеріпті. Қазір ТВ-да адамның санасымен санаспайтын болды. Адамның бәрін ақымақ көріп, ойларына келгендерін жасайды. Сабыр Қараптан қарап осы телеар­налар қанымызды ішіп бітті. Бұ­лардың бетімен кеткендері сондай, «ң»-ды айта алмайтын дикторларды да эфирге шығара береді. Ал сауатсыз жазып-сөйлеу бұлардың өздеріне тән тірліктері. Қыр баласы Бұл тақырыпта бұған дейін де талай мақалалар жазылған. Жа­зудың да жазуы бар. Сейфолла Шайынғазыға рахмет! «Егеменде» осындай сыни көзқараспен жазыл­ған мақалалар көп болсын! Сын айтылса, жаны ашығаннан айтады. Сосын біздің министрлер, депутаттар арнайы бағдарламаға топпен көп келе бермейді.