• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2016

Атырау облысында сора сақтаушыға жаза берілді

369 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 31 мамыр. Атырау облысының Мақат аудандық соты қол сөмкесінде сора сақтаған тұрғынға 63 630 теңге мөлшерінде айыппұл салды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. «Сотталушы 2016 жылдың наурыз айында «Алматы – Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызының №3 вагонында өзінің қол сөмкесінде «гашиш» түріндегі есірткі затын сақтағаны үшін ұсталған. Сотталушының түсіндіруі бойынша аталған есірткі затын өзінің жеке басының пайдалануына байланысты сақтаған. Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 63 630 теңге айыппұл жазасы тағайындалды», – дейді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Фото: alashinform.kz.
Соңғы жаңалықтар