• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2016

«Ақ шатыр» тұрғанда Анталияны қайтеміз

1124 рет
көрсетілді

Туризм – дұрыс ұйымдастыра білсе жылдың төрт мезгілінде де суалмайтын сүтті сауын сиыр. Жері астында қара бақыр қазба байлы­ғы жоқ көптеген мемлекеттер дәл осы туризмнен күреп пайдаға шы­ғып отыр. Ал, Қазақстанда халықаралық туризмді дамытудың алғышарттары көп. Шетелден келетін саяхатшылар тек ежелгі тарихи ескерткіштер, көне сәулет орнын тамашалаумен қатар, әсем табиғат аясында рахаттанып демалуды да ойлайды. Түлкібас ауданы Машат шат­қалынан ашылған «Ақ шатыр» демалыс аймағы ең талғам­паз саяхатшылардың көңі­лінен шығады. Екі жотаның орта­сындағы Машат шатқалын жұ­мақ мекен десеңіз де болады. Көктемнен қоңыр күзге дейін көк көйлегін үстінен шешпейтін Машаттың қақ ортасын жарып арынды тау өзені ағып жатыр. Шымкенттің шіліңгір ысты­ғы шекеңізді тессе, Машаттың мұз­дан жаңа ерітіп алғандай суы аяғыңызды малсаңыз бойыңыздан тоқ қуатын өткізгендей болады. Ауасы кәусар, сап-салқын, сұлулығына масаттанған табиғат. Ашылу салтанатына қатыстық. Биік жотаға «Ақ шатыр» демалыс аймағы деген жазу қараңғылық қымтағанда кереметтей көз тартады. Аумағы үш гектарға созылып жатқан демалыс орнына саяхатшылардан бөлек қала, аудан тұрғындары, облысқа келген қонақтарға барша жағдай жа­салған. Көздің жасындай мөлтілдеп жатқан бассейн, қарағайдан қи­­ыл­­ған ірілі-шағын коттедж, су жа­ғасындағы тапшандар дема­лы­­сы­ңызды жақсы өткізуіңізге дайын. – Осы «Ақ шатырды» соғуға қыруар инвестиция тартылған. Қазір мұнда 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бүгінгі таңда ең үлкен жоба әрі үлкен демалыс орындарының бірі. Бұл жерде 800-ге тарта демалушы бір мезетте тыныға алады. Оның үлесі экономиканың дамуына, салықтың түсуіне себеп болады, – дейді «Оңтүстік» туристік ақпараттық орталығының басшысы Жасұлан Төлебеков. Әдетте, жұрт Швейцария десе аузының суы құриды. Ал, Қа­зақстан туризмінің бір бұтағы «Ақ шатыр» демалыс аймағы әлемдегі мақтаулы табиғат орындарынан еш кем түспейді. Өзіміздікі іргеде тұрғанда басқаның таңсығы мен қаңсығы неге керек? Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы