АСТАНА. 4 маусым. Әлемнің көптеген елдеріне тараған қауіпті зика індеті Қазақстанға да таралуы мүмкін. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Отандық вирусолог мамандары аталған індеттің таяуда Қытайға келгенінен қауіптеніп отыр. Сонымен қатар, Павлодар облысындағы жағдай да алаңдаушылық тудыруда. Себебі, бұл аймақта маса мен шыбын-шіркей шектен тыс көбейіп кеткен. Ал профессор Андрей Богоявленский масаның вирус тасымалдауға бейім екенін мәлімдеді.
«Қазақстандағы жоғары ылғалдылық пен ауа райының тым ыстық болуына байланысты кейбір маса түрлері Оңтүстік-Шығыс Азиядан келуі мүмкін. Таралып кетеді деп сенімді түрде айта алмаймын. Алайда, ондай жағдайлар орын алуы мүмкін», – деді Андрей Богоявленский.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зика вирусын әлемдік ауқымдағы індет қатарына жатқызды. Қазіргі таңда ол 70-ке жуық мемлекетке тарады.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: inform.kz.