• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2016

Дүкен қарауылы өзіне тап берген ұрыны ұрып өлтірді

221 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 4 маусым. Ақмола облысында магазин қарауылы өзіне шабуыл жасаған тонаушыны қорғану кезінде өлтіріп қойған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстың Сандықтау аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне аудандық аурухана дәрігерінен хирургия бөлімшесінде денесінің көп жерінде жарақаты бар жас жігіттің қайтыс болғаны жайында хабар түседі. Қайтыс болған жігіттің аудандағы Каменка ауылының 24 жастағы тұрғыны екені айтылады. Жедел-іздестіру шаралары барысында Каменка ауылында өз әйелі атындағы дүкеннің қарауылы болып жұмыс істеп жүрген ер кісінің өзіне жасалған қарақшылық шабуыл кезінде қорғанып жүріп, қарсыласына бірнеше жерден жарақат салады. Оқиға түнде болған. Үйінде отырған қарауыл есік алдында болған шуды естіп, сыртқа шыққанында, магазинге ұры түскенін байқайды. Мұны ол дүкен үйінің терезесі алынып қалғанынан біледі. Сосын ол сауда үйінің ішіне кіреді. Осы кезде ту сыртынан қаруылдың келіп қалғанын көрген ұры қолындағы шеге суырғышымен бұған тұра ұмтылады. Қарауыл шабуыл жасаушының соққыларынан қорғана жүріп, бір уақыт оның қолындағы құралын жұлып алып, енді өзін соққылай бастайды. Полицейлер осыған байланысты қылмыстық іс қозғады. Кісі өлтіруші ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы.