• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2016

Ислам Каримов тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлауды қолға алды

303 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 маусым. Өзбекстан президенті Ислам Каримов ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға дайындық пен оны өткізу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы «Sputnik Узбекистан» ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Қаулыда тәуелсіздік тойына дайындық жүргізу мен оны өткізу жөніндегі республикалық комиссияның құрамы бекітілген. Оған бойына «Өмірім менің, тағдырым менің – қайталанбас туған жерім Өзбекстан!» атты басты идеяны сіңіретін ұйымдастыру-практикалық, мәдени-ағарту және ақпараттық-түсіндіру бағдарламасын жасау тапсырылды. Комиссия сондай-ақ, белгілі ғалымдардан, әдебиетшілерден және артистерден құралатын рухани-ағарту топтарын жасақтайтын болады. Мереке аясында «Ең ұлы, ең қымбатты», «Отан үшін өмір сүр», «Отан бейнесі – суретші көзімен», «Сені әнге қосамыз, замандас!», «Тәуелсіздік жылнамасы», «Бұл – менің Отаным» секілді көптеген жастар фестивальдері мен конкурстары өткізіледі. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Sputnik Узбекистан.
Соңғы жаңалықтар