АСТАНА. 6 маусым. Үндістанның солтүстігіндегі Тауру қаласында бұл мемлекеттегі ең алғашқы көлік музейі ашылды. Бұл туралы 24.kz ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.
Музей ішіне Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін шығарылған ретро көліктер, автобустар, мотоциклдер және күймелер қойылған. Өткен ғасырдағы техника түрлерін жаңа мұражайдың негізін қалаған Тарун Такрал жинаған. Оның бұл іске барлығы 22 жыл уақыты кетіпті.
Қазіргі таңда мемлекет астанасы Делиден 60 шақырым қашықтықта орналасқан қалашық туристерге арналған орынға айналды.
«Меніңше, мұражайды халықаралық деңгейдегі орындармен қатар қоюға болады. Әлемнің небір елдерін араламай-ақ, өткен ғасырдағы құнды көліктерді осы жерден де көруге болады», – дейді Тарун Такрал.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: 24.kz.