• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2011

Мәселенің ұсақ-түйегі болмайды

405 рет
көрсетілді

Смирнов кентінің тұрғындары мәдениет үйінде өтетін бас­қо­суға ертерек жиналып, Аққайың ауда­нының әкімі Рүстем Елу­баевтың есебін тағатсыздана тосты. Өйт­кені, оларды әлеуметтік мәселе­лерге қатысты толғандыратын мәселелер аз емес еді. Әкім алдымен жұртшылықты елдегі және облыстағы саяси-эко­номикалық ахуалдардан хабардар етіп, сосын ауданның тыныс-тір­шілігін баяндауға кірісті. Оның айтуына қарағанда, өт­кен жылдың қол жеткен табыс­та­ры қомақты-ақ. Аудан негізінен ауыл шаруашылығымен шұ­ғылда­на­ды. Оның экономика­да­ғы үлесі 97 пайызды құрайды. Ауыл ша­руашылығы өнімдерін өндіру кө­лемі 8,8 миллиард тең­геге жеткен. Аққайыңдық диқан­дар былтыр 185,5 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар сіңіріп, озық техно­ло­гияларды тиімді қол­дана білді. Сөйтіп, ауа райы­ның құрғақшы­лығына қарамас­тан гектар берекелілігін 11,4 центнерден айнал­дыр­ды. Бұл салада 225 шаруа қо­жалығы, 70 ЖШС еңбек етеді. Соң­ғы жылдары ау­ылшаруа­шы­лық техникалар паркі айтарлық­тай жаңарып, көк­тем­гі, күзгі дала жұмыстарының үштен екі бөлігі шетелдік егіс кешендерімен атқа­рылады, деді әкім өз есебінде. Шынын айту керек, төрт түлік өсіретін шаруашылықтар әлі де бармақ бүгуге де келмейді. «Полтавка», «Леонов», Черкасс» си­яқ­ты санаулы ірі серіктестіктер бұ­рын­­нан бері мал шаруа­шы­лы­ғы­мен айна­лысып келеді. Оларға ет және сүт өндіру үшін 44,5 мил­лион теңгенің же­ңіл­дікті субсидия­ла­ры берілді. Жеке адамдар да малдың қадір-қасиетін түсініп, оны көптеп өсі­руге құлшына кіріскендері байқалады. Ба­янда­ма­шы бұл бағыт­та ішкі мүмкін­дік­тердің же­тіп ар­тылатынын, жа­йы­­лым­дар мен шабын­дық­тар­ды тиімді пайдалана білу қа­жеттігін алға тарт­ты. Сол сияқты мал­ды асыл­дандыру, тұқы­мын жақ­сар­ту саласын­да да атқа­рылатын істер аз емес. «Жол картасының» ша­пағатын аққай­ың­дық­тар да жете сезініп от­ыр. Бағдарлама елді мекендерге дейін жетіп, әлеуметтік салалар бірінші кезекте қамтыл­ған. Оны орындауға 109 миллион теңге бө­лініп, тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылық жүйе­­ле­­рін, жолдар­ды, мектеп, аурухана, мәдениет үй­лері сықылды әлеумет­тік ны­сан­­дарды жөндеу­ге жұмсалған. Әкім жиналғандарды мемлекет­тік индус­трия­лық-инновация­лық да­му бағдарламасымен де жан-жақты таныстырып өтті. «Лео­нов» ШҚ-да сүт кешенін салудың бірінші кезегі жүзеге асты. Жо­баның құны жарты миллиард тең­геге же­те­­ға­был. Қазір мұнда 320 сиыр сау­­ы­лады. Тағы да осынша сауын мал­ды орналас­тыру көз­дел­ген. «Иван Зенченко» ЖШС жалпы құны 490 миллион теңге болатын элеватор ке­ше­ні­нің құ­ры­лысын жал­­­ғас­­ты­руда. Он­ың ас­тық қабылдау сый­ым­дылы­ғы – 25 мың тонна. 60 адам жұмыс­пен қам­тыл­ған. Бұдан тыс­қа­ры екі элеватор са­лы­нуда. «Ме­денников», «Рос­­тан» қал­дық­сыз ет өңдеу кә­сіп­­­ор­ын­дары­ның аяқ ­а­л­­­­­­­ыс­­­­­та­ры да мақ­тауға тұ­рар­лық. Мә­се­лен, ер­лі-зай­ыпты Ме­денников­тар­дың өндіріс орны шет­елдік қондыр­ғы­лар­мен жаб­дық­­тал­ған. 150-ден астам ет, кол­ба­са түр­лерін өнді­ріп, елі­міз­дің көптеген өңірле­рін қам­тамасыз ете­­ді. Үш құс фаб­рика­сы­ның өн­ім­де­рі­не де сұ­р­аныс көп. Же­ке адам­дар­дың қо­сал­қы ша­руа­шы­лы­ғын жандан­ды­ру бағы­тын­да «Ауыл ша­руа­­шы­лы­ғын қаржылық қол­дау» қоры 112 от­ба­сыға 25,7 миллион тең­ге­нің несиесін бөлді. «Ақ­қай­ың» несие беру серіктестігі де тиімді жұ­мыс істеп келеді. Он­ың несиелеу мөлшері 239 миллион тең­геден асып түс­ті. Ал, «Бизнес – 2020» бағдар­ла­масы бой­ынша 520 миллион теңге бө­лініп, 16 жоба қаржы­лан­ды­рылып отыр. Баяндамашы өз сө­зін­де жұ­мыс­сыздықты қыс­қарту мақсаты­мен 7 жобаның іске қосыл­ға­нын, бұдан тысқары әл­еу­меттік жұ­мыс орындарын ашу үшін 4,4 миллион теңге қарас­тырыл­ға­нын, жастар практикасы бағдар­ламасы аясында 100 адамға жұ­мыс берілгенін, Қиялы кәсіптік лицейінде 75 адамның түрлі ма­мандықтарға даярланғанын айта келіп, алда тұрған міндеттермен таныстыр­ды. Атап айтқанда, елді мекендерге 248 миллион теңгеге сапа­лы ауыз су жеткізіледі. Смир­нов кентіндегі үйлерді жөн­деуге 7 миллион теңге жұмса­ла­ды. Ау­ыл­дар­да тұратын жас ма­мандар­ды қол­дау мақсатымен 30 миллион тең­генің несиесі беріледі. «Ұр­пақ қоры» бағдарламасын қар­жы­лан­дыруға 12,5 миллион теңге қа­рас­тырылады. Сол сияқ­ты Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «2011 жылды Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығы деп жариялау туралы» Жар­лығы жаңа талаптар қояты­ны атап өтілді. Рүстем Мұқашұлының есебін тұр­ғындар жылы қабылдады. Аса діл­гір мәселелерге бірінші кезекте көңіл аударылып, былтырғы ұсы­ныс-өтініштердің деншілігі ор­­ын­дал­ғанын құптай отырып, сұ­рақ жол­­даушылар да болмай қалған жоқ. Олардың барлығына тұшым­ды жауап алынып, аудан әкімі Рүс­тем Елубаевтың есебіне қа­на­­ғат­танар­лық баға берілді. Өмір ЕСҚАЛИ. * * * Сауалы мен жауабы Г.Есенеева, аудандық орталықтандырылған ау­рухананың мейірбикесі: Әр аулаға ауыз су тарту жайы қарастырылған ба? Жауап: Бұл мәселені ойластырып отырмыз. Аудан орталығын дамытуға арналған 2010-2015 жыл­дарға арналған бағдарламаға орай келесі жыл­дан бастап кірісетін боламыз. В.Хмара, аудандық электр стансасының бас ин­женері: Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында ескерткіштерді жөндеу, жас өскіндерді отырғызу бағытында көп іс тындырылған болатын. Алда кентті көгалдандыру жалғаса ма? Жауап: Биыл бұл мақсатқа 12 миллион теңге қарастырылып отыр. О.Ғалымов, зейнеткер: Былтыр аудан өмірін жан-жақты қамтитын мұражай ашылып, бір жасап қалып едік. Алайда, орынның тарлығынан көп­теген экспонаттар мен жәдігерлер қараусыз жатыр. Жауап: Биыл мұржайдың орнын кеңітуді ой­лас­тырып жатырмыз. Бүгінде құрылыс-сме­та­лық құжаттары дайындалу үстінде. Солтүстік Қазақстан облысы.