• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Шілде, 2016

Үндістанда тұрғын үй опырылып, 5 адам опат болды

274 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54057" align="aligncenter" width="560"] Фото: telegraf.com.ua[/caption] Үндістанның Махараштра штатында үш қабатты тұрғын үй опырылып, кем дегенде 5 адам опат болды. rt.com ақпарына сәйкес, үйінді астында ондаған адам қалуы мүмкін. Оқыс оқиға Мумбай қаласынан 20 шақырым қашықтықтағы Бхиванди қаласында болды. Апатты жағдайда тұрған үйде сегіз отбасы өмір сүріп келген. Құтқарушылардың айтуынша, қиранды астында 30 адам болуы мүмкін. Қазіргі таңда құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аян ӘБДУӘЛИ