• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2016

Болашаққа бастар бағдарлар

394 рет
көрсетілді

  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Президенттің ел халқына жолдаған Жолдауы біздің мемлекетіміздің даму тарихында елеулі кезең болды. Әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарысқа қарамастан Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің одан әрі дамуын айтып қана қоймай, ел халқын әлеуметтік қолдауға бағытталған бірқатар нақты шараларды атап өтті. Қазіргі жаһандық қатерлер жағдайында бірде-бір мемлекет қоғамды әлеуметтік жаңғырту бойынша Қазақстандағыдай теңдесі жоқ шаралар қабылдамады.   Үкіметке жаңа әлеуметтік сая­сат шеңберінде барлық әлеу­мет­тік мін­деттемелерді қамта­ма­сыз етуді есепке ала отырып, эконо­микалық қиын­дықтарды еңсеру үшін жаңа Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар әзірлеу тапсырылған болатын. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ден­сау­лық сақтау қызметкерлеріне – орташа 28 пайызға дейін, білім беру қыз­мет­керлеріне – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғау қызметкерлеріне – 40 пайыз­ға дейін жалақыларын көтеру қарастырылған. Ескерте кету керек, олардың арасында дене шынықтыру және спорт сала­сының қызметкерлері де бар. Үстіміздегі жылы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәр­демақыны, сондай-ақ, колледждер мен жоғары оқу орындары білім алушылары­ның шәкіртақыларын 25 пайызға көтеру қамтама­сыз етілетін болады. Инфляция дең­гейінің алдын алып, 2 пайыз­ға индексациялау жүр­гі­зілетін болады. Мұның бар­лы­ғын мем­лекеттің өз азаматтары әл-ауқа­ты­ның өсуіне деген қамқорлығы деп білеміз. Елбасымыз атап өткендей, Қазақ­­стан­да бұл үшін барлық мүм­­­кін­­дік­тер мен жағдайлар жа­сал­­ған, өйткені, шикізат ресурс­тары­­на тәуелсіз экономиканы құру­­­­ға бағытталған «Нұрлы Жол» ин­­­дус­триялық-инновациялық даму­дың мемлекеттік бағдар­ла­­м­а­лары жұмыс істеп жатыр. Бар­ша спорт қауымдастығы Қа­зақ­­­стан­ның дамыған отыз елдің қата­­рына қосылуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін іске асыруда бағдар болған осы тарихи Жолдауға қолдау көрсетуде. Осы міндетті шешуде дене шы­н­ықтыру және спорт саласы да өз үлесін қо­са­ды. Қазіргі таң­да жазғы және қыс­қы олимпиада ойын­дары бо­йынша Қазақстан әлем­дік спорт державаларының үз­дік отыз­дығына кіретінін мақ­таныш­пен айта аламыз. Мұны Халық­ара­лық Олимпиада коми­тетінің бейресми рейтинг дерек­тері куәландырады. Бұл көрсеткіш – Пре­зи­денті­міздің сарабдал саяса­ты­ның же­мі­сі. Елба­сы­мыздың тіке­лей қол­дауы­мен елімізде спорт және дене шынықтыру сала­сы қар­қын­­ды дамуда. Қазақ­стан хал­қына арналған әрбір Жолдауын­да Нұрсұл­тан Әбішұлы ел халқы ара­сында бұқаралық спортты дамы­туға және саламатты өмір салтын наси­хат­тауға ерекше назар аударады. Мәдениет және спорт министр­лігі алдына 2020 жылға қазақ­стан­дықтардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын 30% қамтуды қамтамасыз ету бойынша міндет қойылды. Жыл сайын мем­лекеттің дене шынықтыру-спорт қозғалысына атсалысатын бала­­лар мен ересектердің саны артып, бү­гін­гі таңда дене шынық­тыру­мен жә­не спортпен жүйелі шұғыл­да­на­­тын азаматтардың саны 25%-ға өсті. Сонымен қатар, спортпен шұ­ғыл­данатын халықтың үлесін ұл­ғайту жөніндегі маңызды жал­пы­­ұлт­тық міндеттерді шешу­дің табысты өтуі еліміздегі дене шы­­нық­­тыру мен спорт­ты да­мыту жағдайы мен деңге­йіне, пат­риотизмді, дос­тықты және халық бірлігін дамытуда дене шынық­тыру мен спорт мүм­кіндік­терін тиімді пайда­лануға бай­ланысты болады. Осы­ған на­ғыз үлгі түрлі ұлттар мен этнос­­тар өкіл­дерін бір спорттық рухта бірік­­тіру және ынтымақтастыру үшін зор әлеуеті бар ұлттық спорт түрлерін дамыту болып табы­лады. Қазіргі таңда Қазақстанда 20-дан аса ұлттық спорт түрі дамуда. Чем­пионаттар, кубоктар, рес­пуб­ли­ка­лық және халық­ара­лық турнир­лер, оның ішінде қазақ күресі мен то­ғызқұмалақтан әлем және Азия чемпионаттары, Қазақстан Респуб­ликасы­ның жасөспірімдер ауыл­дық спорт ойындары, көк­пар жә­не ауда­рыспақ бойынша Азия чем­пио­нат­тары, Қазақстан Рес­­пуб­­ли­ка­сы Президентінің сый­лығы­на халық­тық спорт ойындары, «Ақ Бидай» республикалық ауыл­дық спорт ойындары, Қазақ­стан Рес­­пу­б­­ли­ка­сының ұлттық спорт түр­лері фес­ти­валі, Қысқы ауылдық спар­та­киа­да мен Қысқы ауылдық жасөс­пірімдер ойындарын өткізу дәстүрге айналды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғ­алар үшін спорт ғимараттарына олар­дың қол­жетімділігін қамта­масыз ету, сондай-ақ, дене ш­ы­­нық­­тырумен және спортпен шұ­­ғыл­­дануға жеңіл­дік беру бөлі­гінде спорт сала­сын­­да ке­дер­гісіз аймақтар жа­сау­­ғ­а аса назар аударылуда. Дене ш­ы­­­нық­­­­тыру­­мен және спорт­­пен жү­­й­елі шұғылданатын мү­ге­­дек­тер саны жылдан жылға өсіп келеді, атап айтқанда, 2009 жы­лы 6%-дан (12 мың адам) 2014 жылы 9,2%-ға (22,6 мың адам) өсті. Бұл көр­сет­кіш – физикалық мүм­кін­дігі шек­теулі тұлғаларға арнал­ған 9 спорт клубының, сондай-ақ, дене мүм­кіндігі шек­теулі тұлға­ларға арналған Спорт­тық даяр­лау орталықтары қызметі­нің нәти­желері. Жыл са­йын 5 мың спортшы-мүгедектердің қатысуымен мүге­дек­тердің әртүр­лі санаттары үшін 40-тан аса халық­ара­лық және респуб­лика­лық чемпионаттар мен турнирлер өткізіледі. Бұқаралық спортты дамыту­да спорт инфрақұрылымының, со­ның ішінде, әсіресе, ауылдық жерлерде көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда елі­мізде 35 мыңға жуық спорт ғима­раты, спорт мектептерін қоса ал­ғанда, 25,6 мыңнан аса білім беру мекемелерінің нысандарына, тек 9 мыңға жуық нысан дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы нысанға жатады. Осыған байланысты ел халқы үшін спорттық және спорттық-сауық­­­тыру қызметтерінің қол­же­тім­­­ді­лі­гін қам­тамасыз ету мақ­сатын­­да дене-сауықтыру кешен­дері (ДСК) құ­ры­лыстарын салу жұмысы жал­ға­су­­да. 2014 жылы еліміздің 8 өңі­рін­де: Ал­маты, Қарағанды, Сол­түс­­­тік Қа­зақ­стан, Батыс Қазақ­стан, Қы­­зы­л­­­­ор­да, Оң­түс­тік Қазақстан және Шы­ғыс Қазақ­стан мен Ақтөбе о­б­лыс­­­та­рын­да 18 ДСК құрылысы басталды. Қазақстанда балалар-жасөс­пі­рім­дер мектептерінен ел ұлттық құра­масы командасына дейінгі жоға­ры дәрежелі спортшыларды даяр­лау жұмыстары жүйелі түрде жүр­гізіліп келеді. Қазақстандық спорт­­шылар шетелдерде оқу және тағы­лым­дамадан, оның ішін­де, Қазақ­стан Республикасы Прези­денті­нің «Болашақ» халықаралық стипен­диясы шеңберінде өтеді. Олар Әлем, Азия чемпионаттарын­да және басқа да халықаралық дәре­жедегі жарыстарда жоғары спорт­тық нәтиже­лер көрсетіп жатыр. Тәуелсіздік жылдарында 48 спортшы Әлем чемпио­ны, олимпиадалық спорт түрлері бойынша 46 спортшы күміс және 69 спортшы қола жүлдегер атанды. Олим­пиа­далық спорт түрлері бойынша Әлем біріншіліктерінде барлығы 163 медаль жеңіп алынды. Біздің олимпиадашылардың жарқырап өнер көрсетуі барлық спорт және әлемдік қоғамды дүр сіл­­кіндірді және де әлем­дегі бар­лық спортсүйер қауым­ды бей­жай қал­дырмады. Олимпиа­да алаңын­дағы спортшы­лары­мыз­дың жетістіктері елімізге деген қызығу­шылықтың өсуіне, әлемдік спорт аренасында қазақ­стандық спорттың бәсекеге қабі­лет­тілігінің өсуіне ықпал етті. Әлем­дік спорт аренасында қол жет­кізген нәти­желер мемлекеттің және татулық пен бейбітшілікте тұрып, әртүрлі қажеттіліктерді іске асырып жатқан 130-дан аса этнос­тың жайлы ахуалының арқа­сын­да мүмкін болып отыр. Мемлекет қазақстандықтар ара­сын­да бұқаралық спорт түр­лерін да­мытуға және саламатты өмір салтын қа­л­ып­тастыруға қолдау көрсету жұ­мыс­­тарын жал­ғас­тыратын болады. Атап айтқанда, спорт пен дене шы­­­­нық­­­т­ыру ұлттың рухы мен тәнін сауық­­­­ты­ратын аса тиімді құрал бо­лып та­бы­лады, бұл өз кезегінде «Мәң­­­­­гі­­­­лік Ел» жалпыұлттық идея­ны іс­­­­­ке асыру негіздерінің бірін және «Бір­­­­­­тек­­­­тілік пен бірлік» атты бес инс­­­ти­­­­тут­­тық ре­фор­маның бірін құрайды. Өсім, реформалар, даму – бұл Пре­зиденттің Қазақстан хал­­қы­на арналған Жолдауында айқындалған біздің жаңа бүгіні­міз, ортақ бола­шағы­мыз. Біздің бар­лық әре­кетіміз қойылған мін­дет­терді іске асыруда берік ірге­тас болуы тиіс. Бүгінгі таңда министрлік елі­міз­­де бұқаралық спорт пен дене шынық­тыру-спорттық қозға­лыс­­ты дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру бойынша жұ­мыс жүргізіп, 2025 жылға дейін­гі Қазақ­стан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту­дың тұжырымдамасын әзірледі. Әлемдік спорт аренасында қазақ­­стандық спорттың бәсе­кеге қабі­­леттілігін арттыру мақ­сатын­да министрлік 2016 жылы ли­цен­­зиялық турнирлерде ұлт­тық құрама командалардың қатысуын қам­тамасыз ету және Рио-де-Жанейро қаласын­да (Бра­зилия) өтетін кезекті Олимпиа­да ойындарына лицензия­ларды жеңіп алу межесінен абыройлы көрінді. Енді спортшыларымызға осынау аламан додада сәттілік қана тілеп отырмыз. Сонымен қатар, Алма­ты қала­сында Бүкіләлемдік қыс­қы Уни­версиада-2017-ні дайын­дау, ұйым­дастыру және өткізу бо­йын­­ша жұмыстарды үйлестіруді жоспарлаған. Қазақстан Тәуелсіздігінің ширек ғасыр ішінде дене шынықтыру мен спорт саласын дамыту үшін айтарлық­тай жұмыстар жасалды, бірақ, алда үлкен жұмыстар күтілу­­де. Барлық спорт қоғамы министр­­лікпен бірлесіп, қойылған міндеттерді шешу үшін бар күш-жігерін салатынына сенімдімін. Елсияр ҚАНАҒАТОВ, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы