• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2016

Құртақандай құтқарушы

297 рет
көрсетілді

Тоғыз жастағы жұдырықтай қыздың батылдығына таң қалмасқа шараң жоқ! Былтыр ол өзіне төнген қауіпке қарамастан, автокөліктің астына түсе жаздаған баланы құтқарып қалған болатын. Ал биыл... Биыл қарағандылық Анас­тасия Пхенда тағы да батыл­дығымен көзге түсті. Оқиға былай болған еді. Бес жастағы Руслана деген қыз бала ойнап жүріп, су толы терең орға құлап кетеді. Мұны байқап қалған Анастасия суға батып бара жат­қан қыздың қолынан ұстап алып, жағаға тартып шығарған. «Ор өте терең болды. Мен жүгіріп барғанда Руслананың қолы ғана көрініп жатты. Қорыққанымды ұмытып, қолы­нан тарта бердім», дейді өжет қыз. Ажалдың аранынан бала­қайды құтқарып қалған батыл қызды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы Алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапаттады. Настя Пхенда өскенде құт­қарушы болғысы келеді екен. Төтенше жағдайлар депар­тамен­тіндегілер кезі кел­генде мұндай батыл да өжет бала­қайларды өз қатар­ларына бірінші кезекте қабыл­дайтын­дарын айтты. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ