• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2016

Атырауда 80 мың тұрғын жер алу кезегінде тұр

319 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54420" align="aligncenter" width="560"] azh.kz[/caption] Атырауда жеке тұрғын үй құрылысын салуға ынта танытушылар қатары өсіп барады. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың мәлім етуінше, қазіргі таңда инфрақұрылым толықтай тартылған 1 500 жер телімі бар. Оның ішінде 421 жер телімі пайдалануға берілді. Қалған жер телімдерін жылдың аяғына дейін беру жоспарлануда. Сонымен қатар, қазіргі таңда облыс бойынша жер алуға арыз бергендер саны 80 мыңнан  астам болса, оның 66 мыңы - қала тұрғындары. Облыс әкімі бұл азаматтардың арыздары жер телімдеріне инфрақұрылым тартылғаннан кейін ғана қанағаттандырылатынын мәлім етті. Жолдасбек Шөпеғұл