[caption id="attachment_54425" align="aligncenter" width="560"] Фото: xn-80aarn4g9ve[/caption]
Лисаков қаласының тұрғыны Тобыл өзенінің жағасында жүгіріп келе жатып, өсіп тұрған қарасораның бір талын жұлып алған. Сосын ол шөптің жапырақтарын шегіп көреді де, қалғанын кейінге сақтап қояды.
Бірнеше күннен кейін жігіт әлеуметтік желі арқылы бір қызбен танысып, онымен Ресейдің Орел қаласына бармақшы болады. Ол жолға әлгі сақтап қойған қарасора шөбінің қалған жапырақтарын ала шығуды ойлайды. Бірақ жолдағы «Қайрақ» шекара бекетінің қырағы шекарашылары бір тал болса да есірткі заттарын тап бастырмай тауып алатынын ол ойлаған жоқ. Осының салдарынан оны шекарашылар есірткі затын шекара асырмақшы болған деген күдікпен ұстады.
Қарабалық аудандық соты аталған істі қарап, оны Қылмыстық кодексі бойынша кінәлі деп тауып, 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Ол 1 060 500 теңгені құрайды. Айыппұл соттың шешімі бойынша бір ай шамасында төленуі тиіс.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА