• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2016

Футбол. «Астана» сырт алаңда жеңілді

269 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54473" align="aligncenter" width="560"] vesti.kz[/caption] Бүгін Шотландияның Глазго қаласында футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші кезеңінде «Селтик» пен «Астана» командалары кездесті. Кездесуде «Селтик» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчта бірінші болып есепті алаң иелері ашты. Ойынның бірінші таймының соңында «Селтиктің» шабуылшысы Ли Гриффитис 11 метрлік пенальтиден допты торға тоғытты. «Астана» екінші таймда есепті теңестірді. Алаңға Азат Нұрғалиевтің орнына шыққан Азиз Ибраими «Селтик-Парк» стадионына жиналған жұртшылыққа тосын «сый» жасады. Ол  62 минутта алыстан шірене доп соғып, екі ойын бойынша есепті теңестіріп кетті. Командалардың бірінші кездесуі 1:1 есебімен аяқталған болатын. Енді «Астанаға» Чемпиондар лигасының топтық турниріне шығу үшін алаң иелерін жеңу немесе ойынды 2:2 есебімен аяқтау керек болды. Алайда «Астананың» алға қойған мақсаты, арманы бұл жолы орындалмады. «Селтик» матчтың соңында тағы да пенальтиден екінші добын соғып, жеңісті суырып әкетті. «Селтиктің» құрамында Мусса Дембеле екінші голдың авторы  атанды. Енді «Астана» жарысты Еуропа лигасында жалғастырады. Дастан КЕНЖАЛИН