• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2016

WhatsApp та осал болып шықты

310 рет
көрсетілді

Осыған дейін хабарласуға ең қауіпсіз құрал саналып келген WhatsApp месенджерінің де әлсіз тұстары бар болып шықты. Джонатан Здзярский есімді зерттеушінің айтуынша, бұрын өшірілді делінген диалогтар аталмыш месенджерден біржола өшірілмей, мұрағатта сақталып қалады екен.  – Бағдарламаның бір қалтарысында сақталған хабарламаларды қайта қарауға болады. Оған арнайы қызмет өкілдерінің толық мүмкіндігі бар. Яғни, біздің жазысқан құпия хаттарымызды басқалардың оқымайтынына, өзімізге қарсы қолданбайтынына ешқандай кепілдік жоқ. Бұл азаматтардың құқығын бұзу ғой, – дейді зерттеуші. WhatsApp өкілдері Джонатанның мәлімдемесіне әзір жауап берген жоқ. Бұған дейін WhatsApp Бразилия полициясы сұратқан хабарламаларды беруден бас тартқан еді. WhatsApp тегін мобильді қосымшасы әлемдегі ең көп қолданылатын мессенджерлердің бірі саналады. Бүгінде телефонына осы қосымшаны орнатқан адамдардың саны 1 миллиардтан асып жығылады екен. Нұртөре САМАРҚАН