• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2016

Миллиардерге ұқсайтын ағаш

298 рет
көрсетілді

Британияның Херефорд деген қалашығында АҚШ президенттігіне кандидат, миллиардер Дональд Трампқа ұқсайтын ағаш өсіп тұр. Жергілікті жұрт оны «миллиардер ағаш» атап кетіпті. Бай боламыз деп ырымдап немесе жай ғана әлеуметтік желіге салу үшін ағаштың жанында фотоға түсуге келетін адамдар да көбейген. Миллиардерден аумайтын ағаштың интернетке таралып кеткен фотосын ең алғаш осы жерден өтіп бара жатқан фотограф Джон Роули байқап қалып, ғаламторға салыпты. Оның табиғи бітімі сондай ма, әлде біреулер әдейі бұтағы мен жапырағын қырқып, миллиардерге ұқсатты ма, ол жағы белгісіз. Д.Трамп АҚШ-тағы ең қалталы һәм атақты адамдардың бірі саналады. Ол жастайынан жылжымайтын мүлік және құрылыс бизнесімен айналысып, зор жетістікке жеткен. Forbes журналы 2015 жылы Д.Трамптың бар байлығын 4,1 миллиард долларға бағалаған. Нұрхан АСҚАР