• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2016

«Алтын адам»

421 рет
көрсетілді

Сыр жұртының назарына ұсынылды Сақ дәуірінің сарқытындай болған «Алтын адам» жәдігері қазақ елін күллі әлемге әйгілі еткені хақ. Тұтас бір дәуірдің мәдениетін білдіретін баға жетпес бұл мұра Сыр еліне жеткізілді. Ондағы мақсат – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында қызылордалықтарды құнды жәдігермен таныстыру. – «Алтын адам» – тек өнер туындысы ғана емес, сонау сақ заманының өмірінен хабар бе­ретін бірден-бір дерек. Осы жә­дігер Тәуелсіздік символы бол­ғандықтан, бұл тек Астана мен Алма­тыдағы үлкен музейлерде ғана емес, еліміздің бүкіл халқының тамашалауына мүмкіндік тууы керек. Сол үшін біз Сыр еліне атба­сын тіредік», – дейді Ұлттық му­зейдің ғылыми қызметкері Пер­дехан Мұсырманқұл. Сыр жұртының назарына ұсынылатын көрмеде «Алтын адамнан» бөлек, 4 мыңнан астам бағалы тастармен көмкерілген әшекей бұйымдар бар. Сонымен қатар, сақ дәуірінде адамдардың пайдаланған күміс ыдыстары да музей төрінен табылады. Айт­пақшы, аталған ыдыстардағы жазулар сан ғасырлар бұрын қазақ даласында жазу-сызу дәстүрінің бар болғанын айшықтайды. Ал көпшілікке ұсынылған патша мөрі – қазақ халқының құжатнамалық, заңдық айналымын, жалпы, мемлекеттілік тұрғысында ұйы­суы­ның жарқын дәлелі. Айта кетейік, «Алтын адам» жәдігерін көруге Сыр халқы көп жиналды. Ал музей қызметкерлері мәдени шара еліміздің барлық облысында жалғасатынын айтты. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»