• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2016

Жазасын өтегендер де жұмыссыз қалмайды

345 рет
көрсетілді

Астанада құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында бұрын сотталған және есепте тұрған азаматтармен кездесу өтті. Онда істі болған адамдар бос жұмыс орындарымен танысты. – Шараға есепте тұрған, бұрын сотталған, шартты түрде мер­зімінен ерте босатылған 150-ге жуық азамат шақырылды. Олармен қоғамдық тәртіп саласында да, отбасылық тұрмыста да қылмыстар мен құқық бұзушылықты болдырмау бойын­ша профилактикалық сұхбат жүргізілді. Адамдар жазасын өтеп болған соң, жұмысқа тұра алмай, кімге жүгінетінін білмейді. Бұрын істі болған адамды ешкім жұмысқа алмайды, алғысы да келмейді. Өмірде кез келген адам қателеседі. Біз оларға бейімделуге көмектесу үшін осындай шаралар ұйымдастырамыз. Енді олар жұмысқа орналасса жүргізуші, наубайшы болып істейді, – дейді Алматы аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Арман Айтыбеков. Кездесуде Астана қаласының жұмыспен қамту орталығының мамандары жазасын өтеп, бос­тандыққа шыққан адамдарға бос жұмыс орындарын ұсынды. Бұрын сотталғандарға әлеу­меттік бейімделуге көмектесу үшін шараға «Бейімдеу технологиялары мен тұжырымдамалары» қоғамдық қорының өкілдері шақырылды. Қор заңгерлері есепте тұрған азаматтарға құқықтық көмек көрсетті. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»