қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Израиль парламенті адам өлтірген, өлтіруге әрекет еткен және басқа да ауыр қылмыстар жасаған 14 жасқа дейінгі балаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды қарастыратын заң қабылдады.
«Заң қажет болғандықтан қабылданып отыр. Әлемді жан түршігерлік лаңкестік оқиғалар жайлап барады, сол себепті өзімізді қорғаудың амалдарын қолға алмасақ болмайды. Біз осы заңды қабылдау арқылы балалардың қару ретінде пайдаланылуын болдырмауға мүмкіндік аламыз», – дейді заңнаманы әзірлеген «Ликуд» партиясының жетекшісі Аната Берко.
Жаңа заңға сәйкес, бас бостандығынан айырылған балалар 14 жасқа толған соң абақтыда жазасын өтей бастайды, ал оған дейін жабық интернаттарда ұсталады. Түрмеге ауыстыратын уақытта сот отырысы өткізіліп, жазаны жеңілдету, кейінге шегеру, не мүлде бас тарту туралы шешім қабылданады.
«Егемен-ақпарат»