• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2016

Маскүнем сәбиді мерт қылды

264 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Степногор қалалық соты азамат П-ға қатыс­ты қылмыстық іс қарады. Сот анықтағандай, алкогольдік ішімдік ішкен П. масаң күйде жуынатын бөлмеде үш айлық баланы кафельденген еденге түсіріп алған. Содан соң жыла­ған баланы тыныштандыру үшін сүтке шарап қосып берген. Кейінірек баланың жағдайы нашарлаған, бірақ ер азамат медицина қызметкерлеріне хабар­ламаған. Ақыры сәби ажал құш­ты. Сондықтан П. сот үкімі­мен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бос­тандығынан айырылып, жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге жіберілді. Эльвира АБЫЛГАЗИНА, Ақмола облыстық соты кеңсесінің маманы Ақмола облысы