• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2016

Риода Қытай делегациясын тонап кетті

212 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейроға Олим­пиадаға барған Қытай делегация­сы баукеспелердің шабуылына жиі ұшырауда. Бірнеше күн ішінде қытайлық спортшылар, БАҚ өкілдері, басқа да делегация мүшелері ұрыларға жем болыпты. Жергілікті полицияның хабарлауынша, қытайлық журна­листердің қымбат аппаратуралары қолды болған. Семсерлесушілер мен садақшылары спорт жаб­дықтарынан, ақшаларынан және несие карталарынан айырылып қалыпты. Осы келеңсіздікке байланыс­ты «Рио-2016» ұйымдастыру комитетінің өкілі Марио Андрада олардан кешірім сұрап, жоғалтқан заттарын тезірек табуға тырысатындарын айтты. Сондай-ақ, Марио Андрада басқа да спортшылар мен қонақтарды сақтанып жүруге шақырып, қымбат заттарын сөмкелерінен шығармауға кеңес берді. Нұртөре САМАРҚАН