[caption id="attachment_54759" align="aligncenter" width="560"] blogspot.com[/caption]
Жапонияның Fantastick компаниясы «ақылды» қолшатыр ойлап тапты. Оның ерекшелігі – ауа райын дәл көрсетеді.
Belta.by-дың мәліметінше, жаңа өнертабысты ағылшын коммерсанты Джонас Хенвайдың құрметіне Jonas деп атаған. Джонас Хенвей – XVIII ғасырда қолшатырды алғаш ойлап тапқан адам.
Мамандар қолшатырдың жұмысын смартфондағы арнайы қосымшаларға жалғап қойған. Сондай-ақ ол жоғалып қалған ұялы телефонды табуға да көмектеседі. Ол үшін «ақылды» шатырды сілкілесе болғаны, телефонның өздігінен вибрациясы қосылып, дыбысы шығады.
Jonas қолшатыры арнайы батареялардың көмегімен жұмыс істейді. Жарық диодты құрылғымен жабдықталған. Оның бағасы 105 доллардың көлемінде болмақ. Сатылымға осы айда шығады деп күтілуде.
Аян ӘБДУӘЛИ