• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2016

Қанат Ислам «Универсиада-2017» ойындарында елші болады

234 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54778" align="aligncenter" width="560"] zakon.kz[/caption] Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 2017 жылдың 28 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматы қаласында өтетін қысқы Универсиада ойындарында елшілік қызмет атқарады. Шаһар басшысы Бауыржан Байбек боксшыны қабылдау барысында оған үлкен сенім артатынын жеткізді. «Қазан айында Алматы қаласында өтетін кезекті жекпе-жегіңде жеңіске жетіп, Қазақстанның атын әлемге таныта бер. Сен барлық құрметке лайықсың! Сонымен қатар, Универсиада кезінде тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен атқарып, абыройлы болуыңа тілектеспін», – деді қала әкімі. Айта кетейік, Қанат – Ислам кәсіпқой бокста WBA Fedelatin и WBA FideCaribe тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Ол осы жылдың 29 қазаны күні Алматыда кезекті жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыз бірінші орта салмақ бойынша шаршы алаңда 21 кездесу өткізіп, 18-ін нокаутпен жеңген. Талғат РАЙЫМБЕК