[caption id="attachment_54786" align="alignnone" width="560"] фото: ҚазАқпарат[/caption]
Мемлекет басшылары келіссөздер барысында екіжақты іс-қимылдың қазіргі ахуалын, сондай-ақ бірқатар басымдығы бар бағыттар бойынша Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігін нығайту перспективаларын талқылады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.
Бұдан бөлек, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Президенті Р.Ердоғанға қонақжайлығы үшін алғыс айтты.