• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2016

Көне түркі ғұрыптық кешені зерттелуде

521 рет
көрсетілді

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) бастамасымен Моңғолиядағы көне түркілердің «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенінде басталған археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін хабарлағаны­мыз­дай, бұл – Моңғолия Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Тарих және археология институтымен бірлесіп жүзеге асқан жоба. Шілде айының басында TWESCO басшы­лы­ғындағы жоба аясында белгілі моңғол археологы Д.Цэвэндорж бен қазақ­стандық түркітанушы-ғалым Н.Бәзіл­­хан­ның жетек­шілігімен басталған қаз­ба жұ­­мыс­тары бүгінде Шивээт улаанның негізгі алаңында жү­ріп жатыр. Мәңгітас тұрған тұ­ғырдың орны мен кешеннің екі боса­ғасының алаңы да қазылды. Археологтардың жұмысы нәти­жесіз емес. Атап айтқанда, көне түркілердің мүсін­дері табылды. Бұдан бөлек, үйінді тастардан ар­шылып, кешеннің құрылымы, іргетасы, іргетасының пішіні мен көлемі анықталып отыр. Осы және өзге де жаңа­лық­тар Академияның ұйым­дастыруымен 24 тамыз күні «Шивээт улаан» ғұрыптық кеше­нінде өтетін «Ұлы Дала көшпелілері: тарихи-мә­дени үндестіктер» атты ІІ түркі-моңғол археологтарының дала семинарында кеңірек таныстырылатын болады. Бұл дала семинары Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Түркия ғалымдары мен баспасөз өкілдерінің қатысуымен 2016 жылғы 20-27 тамызда өте­тін «Тәңіртаудан Өтүкенге дейін: Ұлы Дала көшпенділерінің та­рихи-мәдени  қазыналары» атты халықаралық экспедиция аясында ұйымдастырылады. Назарларыңызға кешеннің құры­­лымын анықтау кезінде түсі­рілген мына бір сурет ұсынылып отыр. «Егемен-ақпарат»