• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2016

Жаңа дәуірдің жаһандық жолдауы

327 рет
көрсетілді

Адамзат өркениетіндегі аса маңызды қадамға айналды Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық сы­нақ поли­гоны жабылуының 25 жыл­­дығы қарсаңында «Аргу­менты и факты» газетіне бер­ген сұхбатында: «Қазақстан аума­ғындағы Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы және ядролық арсеналдың жойылуы жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалысқа үлкен серпін берді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев – осы қозғалыстың бірден-бір көшбасшысы», деп атап өтті. Тамыздың 29-ы күні Астанада «Ядролық қарусыз әлем құру» атты жоғары деңгейдегі халықаралық конференция өтетіні баршамызға мәлім. Форумда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді. Сенат басшысының пікірін­ше, «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыз­дағы полигонды жабу тура­лы Жарлығы халықаралық қаты­настар тарихындағы аса маңыз­ды шешімдердің бірі болып табы­лады. Бұл шешім күрделі саяси ахуал кезінде әрі бұрынғы КСРО-ның әскери-өнеркәсіп эли­та­сының ұстанымына қара­мастан қабылданды». Қ.Тоқаев атап өткен­дей, бұл әзірше әлемдік қару­сыз­дану тарихындағы алғаш­қы және соңғы оқиға болып қалып отыр. Қ.Тоқаев сол кездегі поли­гон­ды жабу туралы әбден пісіп-жетілген шешімнің мәнін түсіндіріп өтті. Сенат Төраға­сының пікірінше, полигонның жұмыс істеп тұруы Қазақстан хал­қының ғана емес, Жер шарын­дағы бейбіт халықтың басым көпшілігінің мүдделеріне қайшы келді. «Халқымыз өз жері­нің адам­дардың денсаулығы мен эко­логияға орны толмас зар­дап келтіретін ядролық катак­лизм­дердің көзі болып қалғанын қала­мады. Семей полигонының аумағы күні бүгінге дейін жаһан­дық ауқымдағы ең ірі эколо­гия­лық және гуманитарлық апат­ты аймақтардың бірі бо­лып табылады», деді Спикер. Сон­дықтан Сенат басшысының пайым­дауынша, полигонның жабылуы – дүниежүзілік маңызы бар оқиға. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялағаны да кездейсоқ емес екені анық. Полигон жабылған­нан кейін әлемдегі төртінші зымырандық-ядролық әлеуетті жою үдерісі басталды. Қазақстан ядролық қарусызданудың дәйекті жолына түсіп, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) қол қойып, оларды ратификациялады. Ядролық қарусыздану сая­сатының артықшылықтары жөнін­дегі сұраққа жауап бере келе, Қ.Тоқаев мынаны атап өтті: «Ядро­лық мұрадан бас тарта отырып, Қазақстан әлемдік қоғам­­дас­тықпен ойдағыдай ын­ты­­мақ­тас­тық орнатты, шетел­дер­ден жүз­­деген миллиард доллар ин­вес­­тиция тартты, ТМД-ның екін­ші эко­­номикасына айналды, жаңа аста­­насын салды, көршілес ел­дер­мен өзінің мемлекеттік шекара­сын заңды түрде ресімдеді. Ядро­лық отынның халықаралық банкі Қазақстанда орналасқан. Елі­міз 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіп­­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мү­шесі болып сайланды. Қазақ­стан­ға деген жо­ғары халықаралық сенім мен құр­меттің арқасында оның то­лық қауіпсіздігі жөнінде де сөз қоз­ғау­­ға болады. Ядролық қару­сыз­­да­ну­дың шынайы пайдасы осы». Сонымен бірге, Қ.Тоқаев «ядролық тежеу» тұжырым­да­масын сынға алды, оның пікі­рінше, бұл жайт «шарасыздық негізінде туындаған». Сенат төрағасы: «Ақиқатын айтқанда, ол қарулану жарысын ақтап алу үшін қызмет етеді. Өзара сенімсіздік пен геосаяси кеудемсоқтықтың өсуі жағ­дайында алып мемлекеттер қырып-жоятын қаруды тұрақты түрде жетілдіруге және оның ар­сеналдарын ұлғайтуға ты­ры­сады. Шындығында, біз соның барлығына куә болып отырмыз. Ядролық жарыс – бұл мемлекеттердің бюджетіне түсетін үлкен салмақ, бірақ мәселе тек мұнда ғана емес. Осы қаруды қолдану қаупі адамзаттың экономика, ғылым, технология, мәдениет салаларындағы бейбіт жоспарларының орындалуына кедергі келтіреді», деп атап өтті. Қ.Тоқаев ядролық қарусыз әлемге қол жеткізудің жолдары жөнінде өз көзқарасымен бөлісті. Оның айтуынша, әлемде ядролық қарудан азат алты аймақ бар – Антарктика, Латын Америкасы, Тынық мұхитының оңтүстік бөлігі, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка және Орталық Азия. «Осының өзі Жер шарының жартысы, бұл – ядролық қарусыз әлем құру мүмкіндігінің айғағы. Біз қырып-жоятын қарудан азат (еркін) өңірлердің географиясын табанды түрде кеңейту қажет деп санаймыз. Ең алдымен, Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайды ескере отырып, оның ядролық қарусыз өңір мәртебесіне қол жеткізуіне ұмтылуымыз қажет. Осы бағытта табысқа жету – ???? ?????????? ??????? ????? ???????? ??????????алға жетелейтін маңызды қадам боларына сенімдімін. Жаңа ядролық қарусыз аймақтар құру мәселелесі конференциямыздағы «Ядролық қарусыз әлемді құру» атты панельдік сессиялардың бірінде талқыланады». Сонымен қатар, Қ.Тоқаев азаматтық қоғамның қарусыздану үдерісіне кеңірек араласуын маңызды деп есептейді: «Семей және бүкіл дүние жүзінде орна­лас­қан өзге де ядролық поли­гон­дардың ондаған жылдар бойы құпия жұмыс істеу фактісі ядролық қаруға тиімді бақы­лаудың жоқтығын көрсетеді, ал оның жай-күйі туралы шынайы ақпарат қолжетімсіз. Азаматтық сектор, шын мәнінде, осы маңыз­ды үдерістен шет қалған». Спикер өз сұхбатында: «Ядролық қарудың адамзатқа еш жақсылық әкелмейтін зұлмат екендігі баршаға түсінікті сияқты. Алайда, адамдар осындай айқын тұжырыммен келісіп қана қой­май, ядролық кеудемсоқтықты белсенді түрде сынға ала отырып, ақыр соңында әскери атомға заң жүзінде тыйым салуы тиіс. Біз құлдықты, нәсілдік кемсітушілікті жою, әйелдер құқығын қорғау, атмо­сфераға шығарылатын зиян­ды қалдықтарды шектеу үшін күрестің қаншалықты табанды түрде жүргізілгенін білеміз. Ядро­лық қарусыз әлем құру жолындағы күрестен азамат­тық қоғам да тыс қалмауы қажет. БҰҰ Бас хат­шысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры бола отырып, БҰҰ-ның күн тәртібіндегі, соның ішінде Қарусыздану жөніндегі конференцияның шең­беріндегі күрделі мәселелерді шешу бо­йынша үкіметтік емес ұйым­дар­дың күш-жігері­не белсенді түр­де қолдау көр­сетіп отырдым. Осын­дай жұмыс­тың айрықша ма­ңыз­ды екені­не сенімдімін, өйт­кені, ол мемле­кеттер мен ха­лық­­­ара­лық ұйымдарды неғұр­лым есеп­тілікке және жауап­кер­ші­­лік­ке итер­­мелейді, бұл, әсіре­се, қару­сыз­дану және ядро­лық қару­ды та­рат­пау саласында аса қажет», деді. Қ.Тоқаев атап өткендей, Н.Назарбаевтың 2045 жылға қарай әлемді ядролық қарудан толы­­ғымен арылту туралы баста­ма­сы қазірдің өзінде саяси көш­бас­­шы­лар мен әлем жұртшы­лы­ғы­­ның арасында қызу қолдауға ие болып отыр. Елуден астам ел­ден келетін өкілдер мен жетек­ші халық­­аралық ұйымдар басшы­лары­­­ның қатысуымен өтетін Семей поли­гоны жабы­луының 25 жыл­­дығына орайластырылған кон­ференция Президенттің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде жария­лаған ойларын іске асыру жолын­дағы маңызды қадам бол­мақ. Қоры­тын­ды құжат қабыл­данады деп кү­тілуде. Сәулебек БІРЖАН