• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Роналду Еуропаның үздік футболшысы атанды

395 рет
көрсетілді

Футболдан Португалия ұлттық құрамасының және Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропаның үздік футболшысы атанды. Биыл ол ұлттық құраманың және «Реал» командасының сапында Еуропа чемпионаты мен Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Мадридтің клубының құрамында 48 матч өткізіп, 51 доп соқты, құрлық чемпионатындағы 7 ойында 3 доптың авторы атанды. Марапаттау рәсімінде Роналдудан басқа Еуропаның үздік футболшысы атағына Уэльстің шабуылшысы Гарет Бейл («Реал» Мадрид) мен Францияның жартылай қорғаушысы Антуан Гризманн («Атлетико» Мадрид) таласты. Алайда, Еуропаның футбол қауымдастықтар одағына (УЕФА) мүше елдер журналистерінен құралған қазылар алқасының шешімімен португалиялық теңбіл доп шебері Еуропаның үздігі атағына ие болды. Дастан КЕНЖАЛИН