• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2016

Алматыда журналистер жаңа ғимаратқа көшті

208 рет
көрсетілді

Алматыдағы біраз басылымның басын біріктірген «Жас өркен» және «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа ғимаратқа көшті. «Жас өркен» серіктестігінің бас директоры Жүсіпбек Қорғасбектің айтуынша, пайдалануға берілген ғимарат қаламгерлер үшін өте ыңғайлы жерде, қаланың орталығында орналасқан. «Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Алматыға жасаған іссапары барысында журналистер отырған ескі ғимараттың тозығы жеткенін көрген болатын. Ол аталған газеттердің ұжымымен кездескенде бар жағдайды айтпай-ақ түсініп, шұғыл түрде жаңа ғимаратқа көшіру жөнінде шешім қабылдаған-ды. Енді міне, аз уақыттың ішінде министрдің тапсырмасы орындалып, нәтижесінде шығармашылық ұжым зәулім орынға қоныс тепті», – дейді Жүсіпбек Қорғасбек. Айта кетейік, аталған екі серіктестік Желтоқсан мен Сәтбаев көшесінің қиылысындағы Қазақ телевизиясы мен радиосы ғимаратына көшіп келді. Талғат РАЙЫМБЕК