• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2011

Жүрекжарды тілектерін арнайды

776 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына еліміздің түкпір-түкпірінен жүрекжарды тілектерін арнап, мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөніндегі шешіміне қолдау білдірген хаттар мен жеделхаттар ағылып келуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Алматы қаласынан үндеу-хат жолдаған жастар қоғамдық ұй­ым­дарының бір топ жетекшілері мен жоғары оқу орын­да­рының студенттері: «Жастық ынтасын, жігері мен күш-қай­ратын Қазақ­станның келешек дамуына арна­ғысы келетін Алматы қаласының жастары аты­нан Сіздің сайлауға бай­ла­нысты шешімдеріңізді шын жүректен қолдайтынымызды біл­діре отырып, әрқашанда Сізбен бірге екенімізді жеткізгіміз келеді», – деп жазады. Үндеуге «Заң­ғар» шығармашылық бір­ле­с­ті­гі­нің төрағасы А.Қы­рық­бай, «Қа­ламгер азамат» жас тілшілер қоғамдық қорының ат­қа­рушы директоры Е.Жақыпбай, Қазақ­стан Жастар одағының төрағасы Ә.Тұрдығұлов және басқалар қол қойған. Сондай-ақ, «Асыл Ана» әйелдер бірлестігі атынан жеделхат жолдаған Астана тұр­ғыны Теңдік Сәрсекеева мен Атырау өңірінен хат жазған Ж.Жүкесова Президентке то­лай­ым табыстар тілейді. Хат жолдаушылардың ішінде шет елдерде тұратын қан­дас­та­ры­мыз да бар. Өзбекстан Рес­пуб­ли­касының Ташкент об­лы­сы­нан Ордабек Андаханов бы­лай деп жазады: «Сізге Жамбыл Жа­баев­тың жасындай ұзақ ғұмыр және мықты денсаулық тілеймін». Қарағанды облысынан хат жазған бір топ спортшы Ел­басын қазақстандық спорт­шы­лар­дың 7-ші Қысқы Азия ойындарындағы жарқын жеңі­сі­мен құттықтайды.