• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2011

БҰҰ шешімі ШЫҰ аясында қолдау таба ма?

421 рет
көрсетілді

Алматыда 22-23 ақпан күн­дері Қазақстанның Шанхай ын­тымақтастық ұйымына 2010-2011 жылдардағы төрағалығы аясында «Қауіпсіздік пен ынтымақтастық жолындағы 10 жыл: ШЫҰ кеңістігіндегі қазіргі заман­ғы жаңа қауіп-қатерлерге қарсы сәтті тәжірибелер» атты ғылы­ми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған ұйымның атын қоңыр тіршілік кешкен қарапайым елдің құлағы шалып қалса да, оның ат­қарып жатқан тірлігін егжей-тегжейлі біле бермесі анық. Ақи­қа­тында, ШЫҰ қауіпсіздік пен ын­тымақтастыққа толық қызмет ете алды ма? Саясаттан тысқары қау­ым ШЫҰ соңғы 10 жылда не бітірді? Тұрақтылығымызға не берді, тұтастығымызға ықпал етті ме, деп сауал тастаса, былай деп түй­інді жауап беруге болар еді. Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы 10 жылда тұрақтылықпен жә­не қауіпсіздікпен қамтудың, жа­һан­дық жаңа қауіп-қатерлерге қарсы бірігіп күрес жүргізудің негізгі факторына айналды. Ұйым­ның халықаралық-құқықтық ба­засы жасалды. Жеке институт ретінде қалыптасу жолында өзара іс-қимыл тетіктері бекітіліп, «Лаң­кестікпен күрес жөніндегі» Шанхай конвенциясы қабылданды. 10 жылда осы бағытта 40-қа жуық құжат әзірленді. Алайда, бүгінгі күні дүние әлі мазасыз күй кешуде. Ауғанстанда тұрақтылық ор­наған жоқ. Есірткі тасымалы мен трансұлттық ұйымдасқан қыл­мыс, лаңкестік әлемге қауіп ту­ғызуда. Ұйым осы бағыттағы жұмысын күшейте түспек. 7 жыл бұрын Заңсыз есірткі айналы­мы­мен күрес жөніндегі келісім қа­былданды. Биыл Астанада өтетін саммитте «Есірткімен күрес» стра­тегиялық жобасы әзірленбек. ШЫҰ-ға мүше елдердің, ба­қылаушы мемлекеттер мен әріп­тестердің басын қосқан халық­аралық жиынды ашқан Қазақстан Сыртқы істер министрінің орын­басары Қайрат Сарыбай: «Бұл шара ШЫҰ-ның 10 жылдығына арналған. Ендігі жерде осыдан 10 жыл бұрын құрылған ұйымның болашағы қандай болмақ? Басты проблемалар аймақтағы қауіп­сіз­дік, жаңа қауіп-қатерлер десек, олардың қалай алдын алуға бо­лады? Қалай еңсереміз? Еңсеру жолдарында біз қалай өзара ын­тымақтасамыз? Жаңа экономи­ка­лық-гуманитарлық салада ықпал­дасу қалай болмақ?» деген сауалдар тастап, сарапшыларды осы мәселелер төңірегінде екі күн ой бөлісіп, ортақ мәмілеге келуге шақырды. – Біздің мақсатымыз – жаңа қауіп-қатерлерді еңсерудің жолын іздеуде өзара ықпалдасу, – деді Қайрат Сарыбай. Осылайша ШЫҰ-ның 10 жылдығына арналған ха­лықаралық конференцияның та­қырыптық сессияларында қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелер жан-жақты қозғалды. Конференция ба­рысында айтылған ұсыыныс-пі­кірлердің ауқымды бөлігі 15 мау­сымда Астанада мемлекет бас­шылары деңгейінде өтетін кездесуде талқыланбақ. Жоғарыда атап өткендей, конференция тақырыбы ұйымның қау­іпсіздік саласындағы 10 жыл­дық кезеңдегі қызметіне шолу жа­сауға арналған. Алқалы жиында қазіргі таңдағы ең өзекті мәсе­лелер «Аймақтық қауіпсіздікті қам­тамасыз етудегі ШЫҰ-ның рө­лі мен маңызы», «ШЫҰ-ның ке­ңею келешегі мен халықаралық байланыстарды дамыту», «ШЫҰ кеңістігіндегі есірткі қаупінің өсу факторлары», «ШЫҰ кеңістігін­дегі жаңа қауіп-қатерлер» атты 4 сессияда кеңінен сөз болды. Алғашқы сессияда аймақтық қауіпсіздік, оның ішінде Ауған­стандағы ахуал мен лаңкестік, сепаратизм және экстремизмге қар­сы күрес мәселелері талқыланды. Ал 2-сессияда жаңа мүшелер қа­былдау арқылы ұйымды кеңей­тудің келешегі жайлы сөз қоз­ғалды. Ал 3-4-сессияларда есірткі қаупі, заңсыз көші-қон, адам мен қару саудасы, трансұлттық ұйым­дасқан қылмыстарға қарсы күрес пен техногендік және табиғи апат­тар, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ж­ө­нінде әңгіме қозғалды. Ерекше атап өткен жөн, ШЫҰ-ның Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы 2004-2010 жылдары 500 лаңкестік оқиғаның алдын алған. Бұл туралы ШЫҰ-ның Ай­мақтық лаңкестікке қарсы құ­ры­лымы атқарушы комитетінің ди­ректоры Жеңісбек Жұманбеков мәлімдеді. Ол ШЫҰ-ның құзыр­лы орындары лаңкестердің 360 базасын анықтағанын ресми түр­де мәлімдеді. – Лаңкестердің базаларынан 317 жарылғыш құрылғылар, 1167 дана атыс қарулары мен 1400-ден астам жарылғыш заттар тәр­кі­ленді. 50-ден астам адамның лаң­кестік әрекеттеріне тосқауыл қой­ылды, – деді Жеңісбек Жұман­беков. Оның айтуынша, 2010 жылғы маусым айында Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшы­ла­рының кездесуінде бірқатар құ­қықтық құжаттарға қол қойылған. Соның ішінде 2011-2016 жыл­дарға арналған ШЫҰ-ның Лаң­кестік ұйымдарға қарсы страте­гиясы қабылданған. Екі күнге созылған жиын ба­рысында Қазақстанның ШЫҰ қыз­меті бойынша ұлттық үйлесті­рушісі әрі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тап­сырмалар жөніндегі елшісі Шахрат Нұрышев ШЫҰ-ның Астанада өтетін саммитінде жаңа мү­шелер қабылдау қарастырылмай­тыны туралы жеткізді. Және ол Астанада өтетін ШЫҰ-ның ме­рейтойлық саммитінде ұйымға мүше боламын деп ниет білдіруші мемлекеттердің міндеттемелері жөніндегі меморандум бекітілетінін айтты. – Былтыр Ташкентте өткен ШЫҰ саммитінде жаңа мемлекеттерді қабылдау бойынша ереже қабылдадық. Онда жаңа ел­дердің қандай талаптарды орын­дау қажеттігі айтылған болатын. Биыл Астанада өтетін мерей­той­лық саммитте мүше боламын деп ниет білдіруші мемлекеттердің міндеттемелері жөніндегі меморандум бекітіледі, – деді Қазақ­станның ШЫҰ қызметі бойынша ұлттық үйлестірушісі Шахрат Нұ­рышев. Еліміз Сыртқы істер ми­нистрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісінің айтуынша, Астанадағы саммитте кіруге ниет білдірген мемлекет ұйымға қо­сы­лу үшін қандай қаржылық, құ­қық­тық міндеттерді орындауы керектігі ғана анықталады. Сондық­тан онда жаңа мүшелер қабылдау мәселесі қарастырылмайды. Бұ­ған дейін аймақтық бұл ұйымға кіруге Иран, Пәкстан, Үндістан қызығушылық білдірген болатын. Алайда, бұл мәселе, Шахрат Нұ­рышевтің сөзіне қарағанда, ШЫҰ-да әлі қарастырылмаған. Сондай-ақ, конференцияның келесі күні ШЫҰ аясындағы Ау­ғанстанмен байланыс тобы екі­жақты байланыстарды ары қарай қалай нығайту қажеттігін және қандай талаптарға көбірек көңіл бөлу керектігін пысықтап жат­қаны белгілі болды. – Қазақстан тарапы Ауған­станға 50 миллион доллармен есеп­телетін көлемде көмек көр­сетті. Ауғанстаннан студенттер қабылдап жатыр. ШЫҰ-ға мүше Ресей, Қытай сияқты өзге елдер де Ауғанстанмен тығыз эконо­ми­калық ынтымақтастық орнатуда. Бірақ оның бәрі екіжақты негізде жасалуда, – деді Шахрат Нұры­шев. Оның айтуынша, ШЫҰ ая­сында Ауғанстанмен байланыс тобы нәтижелі жұмыс жасауда. Соның негізінде қазір олар екі­жақты байланыстарды және ұйым мен Ауғанстанның ортасындағы ынтымақтастықты ары қарай қа­лай нығайту керек, қандай талап­тарға көбірек көңіл бөлу керектігін дәйектеп жатыр. Және Таяу Шығыс елдеріндегі ахуал қазір бүкіл әлемнің тынышын кетіріп отырғанда, ШЫҰ да одан бейтарап қала алмайтыны белгілі. – Қазір Таяу Шығыс елдеріндегі ахуал бойынша әлемде екі­жақ­ты және көпжақты консультациялар жүргізілуде. ШЫҰ ая­сында әзірге мұндай шаралар жасалған жоқ. Дегенмен, бұл мәселені ШЫҰ-ға төрағалық етуші ел ретінде Қазақстан алдағы уақытта сыртқы саяси мәсе­ле­лер­мен айналысатын түрлі мекемелер арасында ресми немесе бейресми жағдайларда талқылауды жоспарлап отыр, – деді ШЫҰ-ның Бас хатшысы Мұратбек Иман­әлиев. Оның сөзіне қара­ған­да, бұл пікірталасқа қатысатын барлық талаптар өз ұйғарым­да­рын ортаға салмақ. Ол Астана­дағы ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының саммиті кезінде де талқыланатын болады. Халықаралық ғылыми-тәжі­ри­белік конференцияда, сондай-ақ лаң­кестік-экстремистік ұйымдар­ға қатысты БҰҰ шешімі ШЫҰ аясында да қолдау табуы керектігі сөз болды. – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер лаңкестік-экстремистік ұйым­дар­дың бәріне бірдей тыйым салып отырған жоқ. БҰҰ-ның шешімі болса да солай болып отыр. Мә­се­лен, «Әл-Каида» ұйымына ШЫҰ-дағы 5 елде тыйым салынған. Қы­тайлық әріптестеріміз «Әл-Каи­да» қызметін сезінбегендіктен, оғ­ан қарсы ешқандай шаралар қол­данған жоқ. Сол сияқты Шы­ғыс Түркістан ислам қозғалысы ұйы­мына да 5 елде ғана тыйым са­лын­ған, – деді Жеңісбек Жұманбеков. Ж.Жұманбековтің пікірі мына­дай. БҰҰ лаңкестік-экстремистік ұйымдарға қатысты арнайы шешім қабылдағаннан кейін ШЫҰ да бірыңғай ортақ ұйғарымға келуі керек. Қазіргі таңда ШЫҰ аймағындағы 58 ұйымның бес-алтауы бойынша ғана мүше елдерде ортақ шешім қабылданған. Оны сарапшылар тобы анықтап бір шешім жасауы керек. Қазір Қазақстан ШЫҰ аумағындағы 58 лаңкестік-эктремистік ұйымдар­дың 20-дан астамына ғана тыйым салған. Сондықтан ШЫҰ-дағы қайта құрылымдау хатшылықты ғана емес, ондағы барлық құ­ры­лымдарды да қамтуы керек. Өйт­кені, кейбір құрылымдарда дербес жұмыс жасайтын екі мекеме бар. Олар бір-біріне бағынбайды. Бұл – дұрыс емес. ШЫҰ аясындағы әріптестік­тің тағы бір пайдалы қыры – оған мүше мемлекеттердің құзырлы органдарының ақпараттық тұр­ғы­да қамтамасыз етілуі. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Жанат Жарасов айта келе: – ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының мәліметтері қорғалған мамандандырылған бан­кі құрылуда. Осының арқасында мемлекеттердің құзырлы меке­ме­ле­рінің жұмысы жолға қойылып, тиімді әрекет етуде. Мұның ай­қын мысалы – ШЫҰ әскери ве­домстволарының «Бейбітшілік миссиясы-2010» атты лаңкестікке қарсы жаттығулары. Және Қысқы Азия ойындары кезінде күшімізді біріктіре отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алдық, – деді. Сонымен, биыл ШЫҰ-ның Ас­танада өтетін мерейтойлық сам­миті алдындағы келелі жиын да аяқталды. Конференцияға жинал­ған мүше мемлекеттер – Қазақ­стан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, бақылау­шы елдер – Үндістан, Иран, Моң­ғолия, Пәкстан, әріптес елдер – Белоруссия мен Шри-Ланка, сон­дай-ақ Ауғанстан мен Түркімен­стан­нан келген қонақтар Алма­тыда көтерілген көптеген көкей­кесті мәселелердің Астанада шешімі табылатындығына сенім білдірді. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.