• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №683

239 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 3 желтоқсан, Астана қаласы Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт бекітілсін. 2. «Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10530 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 сәуірде жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В.ШКОЛЬНИК Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №683 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт _______________________20__жылғы «__»_______________________ (шарттың жасалған орны) Бұдан әрi Өнім беруші деп аталатын_____________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ (энергия өндіруші ұйымның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, берілген күні мен оны берген орган) _______________________________________________________________атынан _______________________ _______________________негiзiнде әрекет ететiн (құжат атауы) ______________________________________ __________________ бiр тараптан (лауазымы, А.Ә.Т.) және бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын ____________ _____________________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, берілген күні мен оны берген орган) ______________________________________________________________________________________атынан (лауазымы, А.Ә.Т.) _________________________________________________________________________негізінде әрекет ететін _______________________________________________________________________________екiншi тараптан, (лауазымы, А.Ә.Т.) мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты. 1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1.Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) жүйелiк оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелік қызмeттep көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания; 2) есеп айырысу кезеңi – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөнiнде көрсетілетін қызметiне есеп айырысу жүргiзiлетiн айдың бiрiншi күнi сағат 00-00-ден бастап соңғы күнi сағат 24-00-ге дейiн күнтiзбелiк бiр айға тең уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгiленген кезең (орташа еуропалық уақыт - Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат); 3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет –жүктемені көтеруге генерациялық қондырғының электр қуатының орнатылған тәртіпте аттестатталған дайындығын ұстап тұру бойынша бірыңғай сатып алушыға энергия өндіруші ұйыммен көрсетілетін қызмет; 4) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 5) аттестатталған қуат – энергия өндіруші ұйым, өнеркәсіптік кешен немесе жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды орнатуға арналған тендердің нәтижелері бойынша анықталған ұйымның және соған сәйкес энергия өндіруші ұйымның, өнеркәсіптік кешен немесе жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды орнатуға арналған тендердің нәтижелері бойынша анықталған ұйымның аттестаттауды өткізуге арналған өтінімінде көрсетілген электр қуатын торапқа босату шамасын тіркеу уақыты кезінде торапқа босатудың орташа арифметикалық орташа сағаттық мәндері ретінде есептелетін электр энергиясын ұзақ өндіруге техникалық мүмкіндігі бар ұйымның иелігіндегі мегаваттық (МВт) электр қуаты; 6) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіруші құрылғы; 7) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – Жүйелік оператор өткізетін аттестатталған қуат пен генерациялайтын қондырғылардың техникалық параметрлерінің мәндерін анықтауға бағытталған іс-шаралар (қолданыстағылар, сондай-ақ және жаңадан пайдалануға берілгендер); 8) генерациялайтын қондырғылардың техникалық параметрлері – генерациялайтын қондырғылардың МВт-дағы технологиялық минимумы, электр қуатын МВт/мин-де арттыру және азайту жылдамдығы; 9) электр қуатын арттыру жылдамдығы – аттестаттауды өткізуге арналған өтінімде көрсетілген кезеңде генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын оның техникалық минимумы мәнінен ұзақ өндіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының барынша көп мәніне дейін арттырудың орташа арифметикалық жылдамдығы; 10) электр қуатын азайту жылдамдығы – аттестаттауды өткізуге арналған өтінімде көрсетілген кезеңде генерациялайтын қондырғылардың ұзақ өндіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының барынша көп мәнінен оның техникалық минимумына дейін азайтудың орташа арифметикалық жылдамдығы; 11) генерациялайтын қондырғылардың технологиялық минимумы – генерациялайтын қондырғылардың олардың төлқұжаты деректерінің негізінде белгіленген ең аз өндіру қуаты; жылуландырғыш режим бойынша жұмыс істейтін электр станциялар үшін генерациялайтын қондырғылардың технологиялық минимумы жылу жүктемесін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкес, электр станциялар үшін – су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган берген сумен жабдықтау, суды бөлу шығыстарын қамтамасыз ететін көлемде белгіленеді; 12) технологиялық минимумдар тізімдемесі – Жүйелік оператор әрбір тәулікке жасайтын құжат, онда электр қуатының нарығына қатысушы өнім берушілер ұсынған генерациялайтын қондырғылардың технологиялық минимумының шамасы жылу жүктемесі мен берілген су шығыстарын ескере отырып көрсетіледі; 13) тестілеу командасы – жүйелік оператордың электр жүктемені көтеруге техникалық әзірлікті растау мақсатында генерациялау өзгерісіне арналған өкімі; 14) коммерциялық есепке алу кешені – коммерциялық есепке алу үшін қажетті коммерциялық есепке алу нүктесі мен ақпаратты жинақтау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан жабдық; 15) қызметтің шарттық көлемі – ақы төленуге жататын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі; 16) жүктеме бейіні - жүйелік оператормен келісілген (айқындалған) электр энергиясын тұтынудың сағаттық мәнін есептеу алгоритмі (сальдо-ағыны). Жүктеме бейіні коммерциялық есепке алу (аспаптар) жүйелерінің сағаттық деректері болмаған жағдайда электр энергиясын тұтынудың нақтылы сағаттық шамаларын есептеу үшін (сальдо-ағыны) пайдаланылады; 17) нақты көрсетілген қызметтің тізімдемесі – жүйелік оператор жасаған есепті кезеңдегі электр қуатының нарығында көрсетілген нақты қызмет көлемдерін атаулы бөлуді белгілейтін құжат. Нақты көрсетілген қызметтің тізімдемесі Қазақстан Республикасының электр қуаты нарығында өзара есеп айырысуларды жүргізге негіз болып табылады. 18) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі – ЖО ҰДО) – Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде (бұдан әрі – Қазақстан БЭЖ-і) электр энергиясын және қуатын өндіру, беру және тұтыну режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару функцияларын жүзеге асыратын жүйелік оператордың құрылымдық бөлімшесі; Осы Шартта пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады. 2. Шарттың нысаны 2. Өнім беруші осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы заңнамасының талаптарына сәйкес электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша қызметтерді көрсетуге, ал Тұтынушы оны қабылдауға және оған ақы төлеуге міндеттенеді. 3. Қызметті көрсетудің техникалық талаптары мен сипаттамалары: __________________________________________________________________ (осы тармақта нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделедi). 4. Қызметтің бағасын (тариф), шарттық көлемі мен қолданыс мерзімін: 1) уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды орнатуға арналған тендерлердің жеңімпаздарымен; 2) уәкілетті орган жаңғыртуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға және жаңалауға инвестициялық келісім жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен; 3) құрамына жылу электр орталығы кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен; 4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша анықтайды. 3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 5. Тұтынушы: 1) Шарттың талаптарына сай нақты көрсетілген қызметке уақтылы ақы төлеуге; 2) салыстыру актісін алғаннан күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде тоқсан сайын тоқсанның соңғы күніндегі жағдайына осы шарт бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актісіне келіспеушіліктерді көрсете отырып, немесе оларсыз қол қоюға; 3) өз заңды мекенжайының, нақты орналасқан жері мен шарт талаптарын орындауға қажетті деректемелердің өзгергені туралы Өнім берушіні дереу хабардар етуге міндетті. 6. Тұтынушы: 1) Шарт пен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті алуға; 2) мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша өз құзыреті шегінде Өнім берушінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат ұсынуға; 3) есеп айырысуларда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 10612 тіркелген) Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасында (бұдан әрі - Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасы) белгіленген төмендетуші коэффициенттерді қолдануға; 4) Өнім беруші осы шарттың талаптарын және//немесе уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға және жаңалауға арналған инвестициялық келісімдерінің талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда қызметке ақы төлеуді тоқтатуға; 5) Өнім беруші осы шарттың талаптарын және//немесе уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға және жаңалауға арналған инвестициялық келісімдерінің талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезінде отыз күнтізбелік күн ішінде осы туралы ескерту жасай отырып шартты бір жақты тәртіппен бұзуға; 6) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы. 7. Өнім беруші: 1) Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын ұдайы әзірлікте ұстап тұруға; 2) ЖО ҰДО диспетчерінің электр қуатын ұлғайту жылдамдығы бойынша талаптарын ескере отырып, электр қуатын әзірлікте ұстап тұрудың жиынтықты шамасы шегінде генерациялауды ұлғайтуға және/немесе азайтуға берген командасын орындауға; 3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында ұлғайтуды және азайтуды реттеуге қатысуға өтінімді күн сайын жасауға және беруге; 4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген электр желілік қағидалармен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 10899 тіркелді) орнатылған шарттарға сәйкес бастапқы жиілікті реттеу жүйесін ұдайы әзірлікте ұстап тұруға; 5) күн сайын ЖО ҰДО-ға (өңірлік диспетчерлік орталыққа) өткен тәулікте босатылған электр энергиясының нақты сағаттық көлемдері туралы ақпарат беруге; 6) ай сайын жүйелік операторға өндіру, торапқа босату мен электр энергиясын жеке тұтыну көлемдерінің сағаттық мәндерін қоса алғанда, нақты көрсетілген қызмет көлемін есептеу үшін қажетті есептік кезеңдегі ақпаратты тіркеуге және беруге; 7) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосылатын электр энергиясын коммерциялық есепке алуды өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге; 8) өз заңды мекенжайының, нақты орналасқан жері мен шарт талаптарын орындауға қажетті деректемелердің өзгергені туралы Тұтынушыны дереу хабардар етуге; 9) салыстыру актісін алғаннан күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде тоқсан сайын тоқсанның соңғы күніндегі жағдайға осы шарт бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актісіне келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе оларсыз қол қоюға; 10) ЖО ҰДО-ның генерациялауды ұлғайтуға және/немесе азайтуға берген тестілеу командасын орындау нәтижелері туралы актіге қол қоюға және мөрмен куәландыруға; 11) Жүйелік оператордың жедел иелігіндеі және иелігіндегі электр желілік, электр – және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын, және аварияға қарсы автоматиканы күрделі және ағымдағы жөндеудің келісілген жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға; 12) электр энергиясын жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетуге шарттары жоқ электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия жеткізуші ұйымдар мен тұтынушыларға сатуға (сатуға) жол бермеуге; 13) жүйелік оператордың талабы бойынша «электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-2 тармағы 5 бабына сәйкес тәртіппен кезектен тыс аттестаттаудан өтуге; 14) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде шартпен көзделген жеткізілмдерді барынша көп электр қуатынан асып кетпеуіне жол бермеуге; 15) Өнім берушінің объектілерінде орналасқан тарату құрылғыларының, аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге; 16) мемлекеттік органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға және жаңалауға жасаған инвестициялық келісімдердің талаптарын орындауға міндетті. 8. Өнім берушінің: 1) Тұтынушыдан осы шарт бойынша көрсетілген нақты қызмет бойынша ақы төлеу міндеттемесін талап етуге; 2) Тұтынушы осы шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда қызметті көрсетуді тоқтатуды, бұл ретте Өнім беруші Тұтынушыны қызмет көрсетуді тоқтатқанға дейін кемінде 72 (жетпіс екі) сағат ішінде хабарлайды; 3) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы. 4. Көрсетілетін қызметтің көлемі, бағасы мен құны 9. Өнім берушінің құрамына кіретін объектілердің барынша көп жеке тұтыну қуаты электр қуатының нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидасында көрсетілген резервтеу коэффициентіне сәйкес тұтынатын электр қуатын резервтеуді есепке алғанда, ______МВт. құрайды. 10. Бөлшек сауда нарығының субъектілеріне есептік жылда ең көп электр қуатының жеткізілімі Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидасында көрсетілген резервтеу коэффициентіне сәйкес тұтынатын электр қуатын резервтеуді есепке алғанда, ______МВт құрайды. 11. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде ең көп электр қуатының жеткізілімдері _________МВт құрайды. 12. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұрудың жиынтықты шамасы _____МВт құрайды. 13. Қызметтің қорытынды құны ___________ (__) теңге, соның ішінде ҚҚС _____(__) теңге. 14. Қызметтің шарттық көлемі _______МВт. құрайды, соның ішінде: 15. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды орнатуға арналған тендердің қорытындылары бойынша: 1) қызметтің көлемі __________ МВт құрайды; 2) Бір ай ішіндегі 1 (бір) мегаватт ҚҚС-ны есепке алмағанда, қызметтің бағасы (тариф) _____________ (_____) теңгені құрайды; 3) Қызметтің құны ___________ (__) теңгені, соның ішінде ҚҚС _____(__) теңгені құрайды. 16. жаңғыртуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға және жаңалауға жасалған инвестициялық келісімдердің негізінде: 1) қызметтің көлемі __________ МВт құрайды; 2) Бір ай ішіндегі 1 (бір) мегаватт ҚҚС-ны есепке алмағанда, қызметтің бағасы (тариф) _____________ (_____) теңгені құрайды; 3) Қызметтің құны ___________ (__) теңгені, соның ішінде ҚҚС _____(__) теңгені құрайды. 17. құрамына жылу электр орталығы кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен: 1) қызметтің көлемі __________ МВт құрайды; 2) Бір ай ішіндегі 1 (бір) мегаватт ҚҚС-ны есепке алмағанда, қызметтің бағасы (тариф) _____________ (_____) теңгені құрайды; 3) Қызметтің құны ___________ (__) теңгені, соның ішінде ҚҚС _____(__) теңгені құрайды. 18. Жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен орталықтандырылған электр қуаты сауда-саттығының нәтижелері бойынша: 1) қызметтің жиынтықты көлемі __________ МВт құрайды; 2) Бір ай ішіндегі 1 (бір) мегаваттың ҚҚС-ны есепке алмағанда, қызметтің орташа алынған бағасы (тариф) _____________ (_____) теңгені құрайды; 3) Қызметтің жиынтық құны ___________ (__) теңгені, соның ішінде ҚҚС _____(__) теңгені құрайды. 19. Жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен орталықтандырылған электр қуаты сауда-саттығының нәтижелері бойынша жиынтықты шарттық көлем орталықтандырылған электр қуатының сауда-саттығында келесі жылға Тараптар арасында жасалған мәмілелердегі қызметтің барлық көлемінің сомасына теңдей қабылданады. 20. Қызметтің орташа алынған бағасы (тарифі) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен орталықтандырылған электр қуаты сауда-саттығының нәтижелері бойынша қызметтің жиынтықты көлеміне мәміле сомасының қатынасы ретінде есептеледі. 5. Есептесу тәртібі 21. Тұтынушы нақты көрсетілген қызмет көлемі үшін есепті кезең аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күні ішінде Өнім беруші ақы төлеуге ұсынған шот-фактура және тараптар қол қойған қызмет көрсетілген акті (бұдан әрі – Акті) негізінде ақы төлейді. 22. Өтіп кеткен кезеңдер үшін берешек болған кезде бірінші кезекте төлем осы берешекті өтеуге жіберіледі. Тұтынушы төлеген сома нақты кезеңдегіден асып түскен жағдайда артығымен түскен айырма Тұтынушыға қайтарылады немесе Тараптардың келісімі бойынша келесі есептік кезеңнің аванстық төлеміне есептеледі. 23. Егер Тұтынушы ұсынылған шоттың дұрыстығына орай дау шығарса, онда ол осы шот алынған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде өнім берушіге хабарлайды және өнім берушіге қарсылықтарын білдірген жазбаша өтінішін ұсынады. Бұл ретте Тұтынушы осы Шартпен белгіленген мерзімде шоттың дауға ұшырамаған бөлігін төлеуге міндетті. 24. Егер шоттарға түзету жасау қажет болған жағдайда, Тараптар бұдан кейінгі есептік кезеңдердің шотына түзету енгізеді. 25. Шот-фактурада көрсетілген деректер бойынша өнім берушінің ағымдағы шотына немесе Тұтынушыға жіберілген хабарламада көрсетілген өнім берушінің деректемелері бойынша үшінші тараптың шоттарына ақшаларды аудару тұтынушының өнім берушінің қызметіне ақы төлеу міндетін орындауы болып табылады . 6. Қызметтерді есепке алу 26. Есептік айдағы нақты көрсетілген қызметтердің көлемі Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидасына сәйкес есептеледі. 27. Есептік айдағы нақты көрсетілген қызметтердің көлемі өнім беруші мен энергия жеткізуші ұйымның баланстық тиесілігі шекараларында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің негізінде жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілген нақты қызметтің көлемін есептеу әдістемесін ескере отырып, есептік кезеңнің бiрiншi күнi сағат 00-00-ден бастап соңғы күнi сағат 24-00-ге (жиырма төрт) дейiн (орташаеуропалық уақыт) анықталады. 28. Жүйелік оператор және өнім беруші келесі есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік айдың бесіне дейінгі мерзімде нақты көрсетілген қызмет көлемдерінің салыстырмалы актілерін ресімдейді және мөрлерімен куәландырады, ол коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің салыстырмалы актілерінің негізінде жасалады. Тұтынушы жүйелік оператормен келісілген келесі есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік айдың 8 (сегіз) дейінгі мерзімде нақты көрсетілген қызмет көлемдерінің салыстырмалы актілеріне қол қояды және мөрмен куәландырады. Тараптардың біреуі нақты көрсетілген қызмет көлемдерінің салыстырмалы актілеріне қол қоюдан бас тарқан жағдайда нақты көрсетілген қызмет көлемдерін растайтын құжат жүйелік оператор жасаған электр қуаты нарығындағы нақты көрсетілген қызметтер тізімдемесі болып табылады. 29. Коммерциялық есепке алу аспаптары тексерілген және пломбаланған болуы тиіс. Өнім беруші көрсеткіштерді түсіріп алу, телеөлшеулер тізбектері мен коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында тәуліктің кез келген уақытында коммерциялық есепке алу аспаптарына жіберуге міндеттенеді. Есептік кезең аяқталғаннан кейін коммерциялық есепке алу көрсеткіштерін түсіріп алуды жүйелік оператор мен өнім берушінің уәкілетті өкілдері жүргізеді. Егер Тараптардың біреуінің уәкілетті өкілі болмаған кезде немесе көрсеткіштерді түсіріп алудан бас тартса онда басқа Тараптың уәкілетті өкіліне өздігінен көрсеткіштерді түсіріп алуға рұқсат етіледі. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін түсіріп алған кезде Тараптардың уәкілетті өкілдері коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстырып-тексеру актілеріне қол қоюы тиіс. 30. Егер есепке алу жүйелік оператор мен өнім берушінің баланстық тиесілігі бөлігіндегі емес шекарасында жүргізілсе, онда нақты көрсетілген қызметтерің көлемі өнім беруші орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша желілердегі электр энергясының ысырабын ескере отырып анықталады. 31. Электр энергиясын есепке алудың өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты кез келген жұмыс түрлерін жүргізу кезінде өнім беруші жұмыстарды бастар алдында бұл туралы Тұтынушыға хабарлайды. өнім беруші жөндеу жүргізетін кезеңде есепке алу жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. 32. Жүктеме бейіні электр энергиясын тұтынудың сағаттық өлшеулері (сальдо-ағын) болмаған кезде өнім беруші мен электр энергиясының бөлшек сауда тұтынушыларының тұтынуы құрамына кіретін объектілердің жеке тұтынуының сағаттық мәндерін анықтау үшін пайдаланылады. 33. Жүктеме бейіні телеметрия деректерінің негізінде жасалады. Телеметрия деректері болмаған кезде жүктеме бейіні статистикалық ақпарат, өткізілетін маусымдық сағаттық бақылау өлшемдері, өнім берушінің құрамына кіретін объектілер жұмысы режимінің басқа параметрлері негізінде жасалады, тоқсан сайын Жүйелік оператор мен өнім берушімен келісіледі және тоқсан сайын келісім бойынша түзету енгізілуі мүмкін. Келісілген бейіннің қолданыс мерзімі мен оны өзгерту мен келісу шарттары жүйелік оператор мен Жеткізушімен келісіледі. 34. Жеткізушіде келісілген жүктеме бейіні болмаған жағдайда жүйелік оператор Жеткізуші құрамын кіретін объектілердің электр энергиясын жеке тұтынудың сағаттық мәндерін анықтау үшін тұтынудың ұқсас құрылымы бар үлгі жүктеме бейінін немесе Жеткізуші құрамына кіретін объектілердің электр энергиясын жеке тұтынудың жыл сайын өткізілетін сағаттық бақылау өлшемдерінің деректерін анықтайды және пайдаланады. 7. Тараптардың жауапкершілігі 35. Тараптар осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсінше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. 36. Шот бойынша төлем мерзiмi келген сәтте оны төлемегенi үшiн Өнім беруші Тұтынушының төлемеген сомалары бойынша төлем мерзiмi аяқталған күнінен кейiнгі күнінен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзiмi өткен сомалар бойынша Өнім беруші Тұтынушыдан төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күнi үшiн Тұтынушы ақшалай мiндеттемесiн iс жүзiнде орындаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген 1,5 есе қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне сүйене отырып, есептелген тұрақсыздық айыбын төлеудi талап етуге құқылы 37. Орындауы осы шарт пен Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидасында көзделген өнім берушінің өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамаған жағдайда есепті кезең ішінде өнім беруші көрсеткен нақты қызмет көлемінің шамасы электр қуатының нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидасының талаптарын ескере отырып есептеледі. 38. Егер кезектен тыс аттестаттау нәтижелері бойынша электр қуатының аттестатталған шамасы шартпен белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі жиынтықты шамадан кем болып шықса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметтің шарттық көлемі шартпен белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұрудың жиынтықты шамасы мен кезектен тыс аттестаттау деректерінің нәтижелері бойынша анықталған аттестатталған электр қуатының шамасы арасындағы айырма шамасын кеміту жағына қарай түзетуге жатады. 8. Форс-мажор 39. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсінше орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш жағдайларының салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуiнде келтiрiлген залалдың орнын толтыруғa құқықтары болмайды. Кез келген тараптың талабы бойынша осындай жағдайда өзара міндететмелерді орындауды айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың бiр де бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары болғанға дейiн пайда болған Шарт бойынша мiндеттерiнен босатылмайды. 40. Егер тараптардың бipeуiнің Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн еңсерiлмес күш пайда болған сәттен бастап күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде орындауға шамасы келмесе, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар. Еңсерілмес күш жағдайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес анықталады. 9. Дауларды қарау 41. Осы шарттың мәнінен туындаған даулар мен келіспеушіліктер тараптардың келiссөздері жолымен шешіледі. 42. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер Тұтынушы орналасқан жерлердегі соттарда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілері. 10. Басқа ережелер мен талаптар 43. Қызметті сатып алу шарты өнім берушімен жеке тәртіппен жасалады. 44. Тараптар арасында осы Шарт бойынша өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. 45. Шарттан туындайтын және онда реттелмеген тараптардың қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі. 46. Осы шартта қамтылған ақпарат осы Шартпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, құпия болып табылады және Тараптардың жазбаша келісімінсіз үшінші тараптарға алуға және/немесе беруге жатпайды. 47. Осы шарттың барлық өзгерістері, толықтырулары мен қосымшаларының егер олар жазбаша нысанда жасалып, оған екі Тарап қол қойған жағдайда ғана күші болады және қолданылады. 48. Осы шарт 20___ жылғы «___» ________бастап күшіне енеді, ақы төлеу бөлігі 20___ «___» ________ 00-00 сағаттан бастап 20___ жылғы «___» ________ 24-00 сағатқа дейін қолданылады (орташа еуропалық уақыт). 49., Егер шарттың қолданыс мерзімі біткенге дейін отыз күн ішінде Тараптың біреуі бұл туралы хабарласа шарттың қолданыс мерзімі белгілі мерзімге ұзартылады және шартқа қосымша келісім ресімделеді. 50. Осы шарт: 1) Тараптардың келісімі бойынша бұзу туралы келісімге қол қою жолымен; 2) уәкілетті органның шешімі бойынша; 3) Тараптардың бipеуінің бастамасы бойынша басқа Тарап осы шарт бойынша өз міндеттерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда оны бұзуға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде алдын ала хабарлама арқылы біржақты тәртіппен; 4) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексімен көзделген өзге жағдайларда бұзылуы мүмкін. 51. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден мемлекеттік және орыс тілдерінде екi данада жасалады. Екі дананың бірдей заңдық күші бар. 11. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері мен қол қою белгілері Өнім берушінің атауы Өнім берушінің атауы Мекен-жайы: Мекен-жайы: Телефон: Телефон: Банктік мәліметтер: Банктік мәліметтер: _________________ Т.Ә.Ж. _________________ Т.Ә.Ж. (қолы) (қолы) М.О. М.О. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсанда қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12522 болып енгізілді.