• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2016

Ата-аналардың тең жартысы 11 жыл бойы мектепке бармайды - Сағадиев

254 рет
көрсетілді

Қазір өтіп жатқан үкімет отырысында Қазақстанның Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев балаларына көбірек көңіл бөлуі үшін мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан балаларына ертерек жіберу жолдарын қарастыруды ұсынды деп хабарлайды egemen.kz тілшісі. Оның мәліметі бойынша, ата-аналардың елу пайызы мектептердегі ата-жиналысына қатыспайды. "Көбіне жұмыста болғандықтан ата-аналардың бала тәрбиесімен айналысуға уақыты қалмайды. Олардың көбі мемлекеттік қызметкерлер. Қазіргі уақытта ата-аналар жиналысына ата-аналардың 10-15 пайызы ғана қатысады" деді Сағадиев. Сонымен қатар министр мектептерде спорт секцияларының жетіспейтінін айтты. Оның мәліметі бойынша, Қазақстанда оқушылардың 27 пайызы спорт секцияларымен қамтылған. Ал Ресейде бұл көрсеткіш 83 пайыз шамасында. Ерлан Сағадиев Қазақстан мектептерінде спорт секцияларын көбірек ашу керектігін айтты. Және де министр мектептердегі қылмысты азайту үшін бейнекамералар орнатудың айтарлықтай оң нәтиже беретінін жеткізді. Оның айтуына қарағанда мектептердің 30 пайызына бейнекамералар орнатылған. Егемен-ақпарат