• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2016

Ұлттық құраманы жаттықтыруға дайынмын – Э.Занковец

282 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғайтын Астананың «Барысы» биылғы маусымды ала-құла бас­тады. Тіпті алғашқы үш ойында қарсыластарына жол беріп, жанкүйерлерін біраз жабырқатып алған болатын. Осыдан кейін клуб басшы­лығы Андрей Назаровтың орнына бас жаттықтырушы етіп Беларусь маманы Эдуард Занковецті тағайындады. Таяуда жаңа жаттықтырушыға көкейімізде жүрген кейбір сұрақтарды қойған едік. – Эдуард Константинович, сіздің «Барыс­қа» келгеніңізге бір айдың жүзі болды. Ойын­шылар­мен тіл табысып үлгер­діңіз бе? – Алғашқы күннен бастап ойын­­шылармен, команданың ли­­дер­­лерімен жақын танысып, ара­ласуға ерекше көңіл бөлдім десем, қателеспеймін. Бұған менің ағылшын тілін білуім де оң әсерін тигізді. Сондықтан бұл мәселеде еш­қан­дай кедергі болған жоқ. Бар­лығы менің көңілімнен шықты. Тіпті, бүгінде алдағы бағыт-бағ­дары­­мызды да айқындап алдық. Қазір сол ойлағанымызды жүзеге асыру үшін жұмыс істеу­деміз. Басты мақсатымыз – лига­ның плей-офф кезеңіне шығу. Бұл – клуб бас­шы­лығының да алдымызға қойып отырған міндеті. – Қанша дегенмен, команданы жаңа мау­сымға басқа маман дайындады. Бұл көз­деген мақ­сатыңызға қол жеткізуге кедер­гісін тигізеді деп ойламайсыз ба? – Әрине, кез келген жат­тық­ты­ру­шының жаңа маусымға командасын өз тактикасы, өз тә­сілі бойынша дайындағысы ке­ле­тіні түсінікті. Алайда, олардың осылай орта жолдан қосылуы – жиі кездесетін жағдай. Сондықтан біз әрдайым дайын болуымыз керек. Сондай-ақ, ол команданың сол маусымдағы нәтижесіне толығымен кейін кел­ген жаттықтырушы ғана жауап беретіні түсі­нік­ті. Демек, мен «Барысқа» келерде осындай жауап­кер­шіліктерді сезіне отырып шешім қабылдадым. – Әзірге турнир кестесінде көш соңын­да келе жатырсыздар. Бұл жағдай психо­логия­лық тұрғыда ойыншыларға кері әсерін тигізбей ме? – Дәл қазір мен турнир кес­тесіне қарап жүрген жоқпын. Оған уақытым да жоқ. Өйткені, біз­дің қазір­гі басты міндетіміз – өз ойын өрнегімізді тауып, соны жетіл­діру. Бүгінде осы бағытта тер тө­гу­­де­­міз. Көңіл қуантарлығы сол, ал­ғаш­­қы сәтке қара­ғанда, команда­мыз ойынында оң өз­геріс­­тер бай­­қал­а­ды. Бұған ойыншылардың өз іст­еріне деген адалдығы мен жат­тықтырушылар құра­­мы­­ның білік­тілігі көп септігін тигізу­де. Қазір мау­сымның тек басы ғана. Алда әлі талай ойын бар. Сондықтан, тур­нир кестесіндегі жағ­­дайы­­­мыз­ды жақ­сартуға мүмкіндік мол деп есептей­мін. – Сіздің «Авангардтың» жат­тық­тырушысы ретінде «Барыс­пен» бірнеше рет кездес­кеніңіз­ді жақсы білеміз. Әсіресе, 2014-2015 жылғы маусымның плей-офф кезеңіндегі тартысты жанкүйерлер әлі ұмыта қой­ған жоқ. Бірақ содан бері «Барыс» сапында айтарлықтай өзге­ріс­тер болды. Соның ішінде биыл бірқатар жаңа ойыншы кел­ді. Олардың кейбірі ересектер сапына енді қосылған жас хоккей­шілер. Бұған қатысты не дейсіз? – «Чикаго Блэк Хоукс» командасында скаут ретінде жұмыс істегенімде осы Құрлықтық хоккей лигасына жауапты болдым. Сол кезде «Барыстың» ойын жүйесі қалыптасқан, ауызбіршілігі күшті, өте жақсы команда екенін байқадым. Командада кез келген сәтте шешім қабылдай алатын, әсіресе ойыншы басымдығын сәтті жүзеге асыратын шебер хок­кейшілер жетіп-артылады. Алайда, биылғы маусымда клуб құрамы біраз жаңарған. Арасында жас, тәжірибесі аз ойыншылар да бар. Кейде мұндай жоғары деңгейдегі сайыстарда бұл үлкен қателік болып саналатыны жасырын емес. Өйткені, кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол ойыншылармен оң нәтижеге жету оңайырақ. – Бүгінде маусым басында команда құрамында болмаған Талғат Жайлауов, Мартин Сен-Пьер сынды ойыншылар қайтадан қатарға қосылып жатыр. Осыған қарап, кезінде Андрей Назаровтың назарынан тыс қалған Константин Руденко, Майк Ландин мен Михаил Рах­мановтың да оралуы мүмкін деуге бола ма? – Менің білуімше, бүгінде Майк Ландин Швей­царияның командасында ойнайды. Сон­дықтан жуық арада оның орала қоюы екіталай. Ал Михаил Рахманов туралы нақты еш нәрсе айта алмаймын. Өйткені, ол қазір Өскеменнің «Торпедосында» тер төгіп жүр. Өкінішке қарай, «Барыс» пен «Торпедоның» ойын кестесінің ұқсастығына байланысты ол команданың кездесулерін қарауға мүмкіндік болар емес. – Бізде әдетте «Барыс» пен Қа­зақ­стан ұлттық құрамасын бір маман жаттықтыратынын білесіз... – Осыған дейін мұндай тәжі­ри­бені ешқашан қолдамаған едім. Алайда, «Барыс» хоккей­шілері­нің тоқсан пайызы Қазақстан ұлттық құрама­сын­да ойнайтынын ескерсек, бұған келісуге бо­лады. Бұл мәселе Қазақстан хоккей федерациясы ат­қару­шы комитетінің кезекті отырысында шеші­леді деп күтілуде. Ал мәселе маған қатысты бол­са, мен екі міндетті қатар алып жүруге дайынмын. – Әңгімеңізге рахмет. Жұмы­сыңызға сәттілік тілейміз. Әңгімелескен  Еламан ҚОҢЫР АСТАНА