• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №65

288 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 29 қаңтар, Астана қаласы Ашық деректердің интернет-порталына орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Ашық деректердің интернет-порталына орналастырылатын қоса беріліп отырған ашық деректер тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ақпараттандыруды дамыту департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Құқықтық ақпараттың республикалық орталығына баспа және электрондық түрде оның көшірмесін жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрлеріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ___________ Ә. Исекешев 2016 жылғы 29 қаңтар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №65 бұйрығымен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталына орналастырылатын ашық деректердің тізбесі № Ашық деректер жиынтығының атауы Жандандыру мерзімі Жариялау мерзімі Дереккөз (Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* арқылы немесе мемлекеттік органның API жүйесі арқылы) 1 Дәрігерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 2 Облыстардың, өңірлердің, медициналық ұйымдардың бөлінісінде ана мен бала өлім-жітімі бойынша ресми статистика жылына 1 рет есепті кезеңнен кейінгі жылғы 20 ақпан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 3 Азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесі бойынша жалпыланған ақпарат жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 4 Пайыздық арақатынаста емнің нәтижесі туралы деректер (сауығуы, жақсаруы, өзгеріссіз) жылына 1 рет есепті кезеңнен кейінгі жылғы 20 ақпан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 5 Стационарда болудың орташа ұзақтығы жылына 1 рет есепті кезеңнен кейінгі жылғы 20 ақпан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 6 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ТМККК**** көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 7 Медициналық ЖОО** түлектерін жұмысқа орналастыру туралы деректер жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 8 Түрлері, өңірлер мен жылдар бойынша аурулардың статистикасы жылына 1 рет есепті кезеңнен кейінгі жылғы 20 ақпан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 9 Денсаулық сақтауға жұмсалған мемлекеттік шығындар туралы деректер жылына 1 рет есепті кезеңнен кейінгі наурыз Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 10 Өңірлер және облыстар бойынша медициналық мекемелердің саны жылына 1 рет есепті кезеңнен кейінгі жылғы 20 ақпан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 11 Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесі Қазақстан Респуб­лика­сының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделу­ге жіберілетін ау­рулардың тізбе­сіне өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 12 Азаматтардың жекелеген санаттарын белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және маман­дандырылған емдік өнімдердің тізбесі жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 13 Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша «МӘСҚ***»-нан әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері жылына 1 рет қаңтар Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 14 Асыраушысынан айырылу бойынша «МӘСҚ***»-нан әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері жылына 1 рет қаңтар Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 15 Жеке сектор субъектiлері (оның iшiнде үкiметтiк емес ұйымдар) көрсететiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен қамтылған адамдардың үлесi жылына 1 рет ақпан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 16 Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған жұмыспен қамтылған халық үлесі жылына 1 рет ақпан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 17 Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыспен қамтылған халық үлесі жылына 1 рет ақпан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 18 Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеу­меттік жәрдемақының орташа мөлшері жылына 1 рет қаңтар Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 19 Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері жылына 1 рет қаңтар Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 20 Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері жылына 1 рет қаңтар Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 21 «МӘСҚ***»-нан бір жасқа толғанға дейін баланың күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері жылына 1 рет қаңтар Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 22 Бір жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған балалардың үлес салмағы (тиісті жылда туылған балалар санына қатысты) жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 23 Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған аз қамтылған отбасыдан шыққан балалардың үлес салмағы (жалпы балалар санына қатысты) жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 24 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсе­тумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуды қажет ететін тұлғалардың жалпы санына қатысты) жылына 1 рет ақпан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 25 Жұмыссыздық деңгейі жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 26 Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 27 Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15- 28 жас) жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 28 Еркектер арасындағы жұмыссыздық деңгейі жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 29 Кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстарына жіберілген жұмыссыздар саны жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 30 Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздар саны жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* 31 Жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны жылына 1 рет желтоқсан Ашық деректердің интернет-порталының АЖО* Ескертпе: аббревиатура мағынасын ашу: *АЖО – Автоматтандырылған жұмыс орны **ЖОО – Жоғарғы оқу орны ***МӘСҚ – Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры ****ТМККК – Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 2 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13362 болып енгізілді.