• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №139 

491 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 24 ақпан,Астана қаласы Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-1-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 5-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада баспа және электрондық түрде жіберуді; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы Б. НҰРЫМБЕТОВ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________Б.Сұлтанов 2016 жылғы 27 ақпан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы №139 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары 1. Осы Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң) сәйкес әзірленді және медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайларында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдардың жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) мен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – жәрдемақылар) пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен оның орналасу орны бойынша аумақтық қазынашылық органында ашылған қолма-қол ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттарына (бұдан әрі – ҚБШ) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдардың (бұдан әрі – адамдар) зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары Заңның 6-бабында және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 21, 68-баптарында айқындалатын мөлшерде аударылады. 3. Психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қамқорлыққа мұқтаж деп танылған адамдардың (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары Заңның 6-бабында және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 21, 68-баптарында айқындалатын мөлшерде қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарына аударылады. Қамқорлықтағыларға ағымдағы шоттарды медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) басшысы (бұдан әрі – қамқоршы) екінші деңгейдегі банктерде, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдарда, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым) ашады. Қамқорлықтағы адамға ағымдағы шот ашу үшін қамқоршы зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымға адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін, әрекетке қабілетсіз адамға қамқоршылық белгілеу туралы қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 болып тіркелген) көзделген құжаттарды ұсынады. 4. Қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды қамқоршы қосымша тамақ, ең қажетті заттарды сатып алу үшін қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктеріне жұмсайды. 5. Адамдардың ҚБШ-ға түскен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Жұмсақ инвентарьдың тізбесінде көрсетілген жұмсақ инвентарьды, санитариялық гигиена заттарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді сатып алуға жұмсалады. Медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) төлеу шотын ұсыну кезінде оның негізділігі мен дәйектілігі комиссия шешімінің көшірмесін және құжаттардың көшірмесін (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат) қоса беру (тіркеу) арқылы расталады. 6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында көзделген нормаларға сәйкес жұмсақ инвентарьға қажеттіліктің және (немесе) олардың құнының артуы салдарынан ҚБШ-ға түсетін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмсақ инвентарь сатып алуға шығыстар көздейді. 7. Адамдар мен қамқорлықтағылардың қажеттіліктерін айқындау мақсатында медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) басшысы комиссия құрады. Комиссияны медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) басшысы немесе оның орынбасары басқарады, оның құрамына медициналық-әлеуметтік мекеменің медицина бөлімшесінің меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі, бухгалтері, диеталық тамақтану жөніндегі мейіргері, дәріхана меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті өкілі кіреді. Комиссия тоқсан сайын және (немесе) қажеттілігіне қарай, бірақ айына 1 реттен жиі емес ретте адамдардың санитариялық гигиена заттарына, жұмсақ инвентарьға, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге қажеттілігін және қамқорлықтағылардың қосымша тамаққа, ең қажетті заттарға қажеттілігін айқындайы. Комиссияның адамдар үшін санитариялық гигиена заттарын, жұмсақ инвентарьды, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді сатып алу қажеттілігі туралы шешімі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. Комиссияның қамқорлықтағылар үшін қосымша тамақ, ең қажетті заттарды сатып алу қажеттілігі туралы шешімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. 8. Қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды қамқоршы қамқоршылық және қорғаншылық органының алдын ала рұқсатымен комиссия шешіміне сәйкес жұмсайды. 9. Адамдар үшін санитариялық гигиена заттарын, жұмсақ инвентарьды, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді сатып алуға ҚБШ-дан жүргізілген шығыстар туралы мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес журналда көрсетіледі. Қамқорлықтағылар үшін қосымша тамақ, ең қажетті заттар сатып алуға қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарынан жүргізілген шығыстар туралы мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес журналда көрсетіледі. 10. Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) басшысы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалану туралы есепті ұсынады. Қаражатты қолдану жөніндегі есепке құжаттардың көшірмелері (шот-фактуралар немесе тауарды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат) қоса беріледі. 11. Жыл бойы санитариялық гигиена заттарын, жұмсақ инвентарьды, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді, қосымша тамақ, ең қажетті заттарды сатып алу қажеттілігі туралы шешімдер, сондай-ақ адамдар мен қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану жөніндегі шығыс құжаттары істерге (есепті кезеңнің айлары бойынша жеке-жеке және қаражатты орналастыру бойынша бөлек) қалыптастырылады. Көрсетілген құжаттар «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10345 болып тіркелген) талаптарына сәйкес медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) бухгалтериясында сақталады. 12. Адамдар мен қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларының дұрыс жұмсалуын бақылауды «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларына 1-қосымша Жұмсақ инвентарьдың тізбесі: 1. Киім: 1) пальто, күрте; 2) плащ, ветровка; 3) жүн маталардан тiгiлген костюм; 4) мақта маталардан тiгiлген костюм; 5) спорттық костюм; 6) шалбар, джинсы, шорты; 7) көйлек, сарафан, халат; 8) жүн маталардан тiгiлген юбка, мақта маталардан тiгiлген юбка; 9) мақта маталардан тiгiлген блузка; 10) свитер, жакет, жемпiр, кофта, трикотаж жаймадан тiгiлген жилет; 11) трико; 12) футболка; 13) мақта маталардан тiгiлген кеудеге киетiн жейде. 2. Ішкиім: 1) трусы, панталон; 2) түнде киетiн жейде, пижама; 3) майка; 4) мақта маталардан және иiлiмдi трикотаж жаймадан тiгiлген киiм-кешек бұйымы (бюстгальтер) ; 5) кальсондар; 6) гамаштар. 3. Орамал-шарф бұйымдары мен бас киiмдер: 1) шарф; 2) шапка, берет; 3) панама, фуражка, кепкалар; 4) әйелдердiң бас орамалы; 5) тақия; 6) қолғаптар, биялайлар; 7) жүн орамал (жартылай жүн) ; 8) тоқыма шапка. 4. Носки-шұлық бұйымдары: 1) колготки; 2) шұлық, носки; 3) гольфы. 5. Аяқ киім: 1) қысқы етiк, киiзден тiгiлген аяқ киiм; 2) пима; 3) маусымдық етiктер; 4) қысқа етiк; 5) бәтеңке, туфли; 6) қысқа бәтеңке; 7) аяқ киiм немесе сандалилер; 8) спорттық аяқ киiм; 9) бөлмеде киетiн тәпiшке; 10) сланцы. 6. Төсек жабдықтары: 1) ақ жайма; 2) сейсеп; 3) жастық тысы; 4) матрац (оның iшiнде басылып қалмайтын матрац) ; 5) жастық; 6) көрпе; 7) жамылғы; 8) вафельді сүлгi; 9) түкті сүлгiлер. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларына 2-қосымша Нысан Санитариялық гигиена заттарын, жұмсақ инвентарьды, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді сатып алу қажеттілігі туралы ШЕШІМ 20__ жылғы___________ № ___________ Адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып Комиссия былай деп ШЕШТІ: Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар мыналарға жұмсалсын: Адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жұмсау мақсаттары Медициналық-әлеуметтік мекеменің басшысы/басшы орынбасары_________ _______ ________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің медицина бөлімшесінің меңгерушісі ________ ______ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің шаруашылық меңгерушісі ________________ ___________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің диеталық тамақтану жөніндегі мейіргері ________________ _________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің дәріхана меңгерушісі ________________ _______________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы ________________ ___________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің бухгалтері________________ _________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Уәкілетті органның өкілі ________________ ______________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларына 3-қосымша Нысан Қосымша тамақ, ең қажетті заттарды сатып алу  қажеттілігі туралы ШЕШІМ 20__ жылғы___________ № ___________ Комиссия қамқорлықтағылардың қажеттіліктерін ескере отырып былай деп ШЕШТІ: Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар мыналарға жұмсалсын: Қамқорлықтағы адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жұмсау мақсаттары Медициналық-әлеуметтік мекеме басшысы/басшы орынбасары_________ _______ ________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің медицина бөлімшесінің меңгерушісі ________ ______ ______ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің шаруашылық меңгерушісі ________________ ___________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің диеталық тамақтану жөніндегі мейіргері ________________ ___________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің дәріхана меңгерушісі ________________ ________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы ________________ __________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің бухгалтері________________ ________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Уәкілетті органның өкілі ________________ ______________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларына 4-қосымша Нысан Санитариялық гигиена заттарын, жұмсақ инвентарьды, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді сатып алу бойынша шығыстарды есепке алу ЖУРНАЛЫ Р/с № Адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Шығыстар жүргізілген күн Шығыстардың түрі (сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесі, олардың саны, көлемі) Шығыстар сомасы, теңге Негіздеме (құжат, нөмірі және күні) Басшы-ның қолы Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларына 5-қосымша Нысан Қосымша тамақ, ең қажетті заттарды сатып алу бойынша шығыстарды есепке алу ЖУРНАЛЫ Р/с № Қамқорлықтағының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Шығыстар жүргізілген күн Шығыстардың түрі (сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі, олардың саны, көлемі) Шығыс-тар сомасы, теңге Қаражатты пайдалану тәсілі (қолма-қол/қолма-қол емес) Негіз-деме (құжат, нөмірі және күні) Басшы-ның қолы Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларына 6-қосымша Нысан Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану туралы 20__ жылғы ________________ _____________________________________________ бойынша есеп (медициналық-әлеуметтік мекеменің атауы, мекенжайы) теңге № р/с Есепті кезеңнің басына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы Есепті кезеңге түсімдердің сомасы Есепті кезеңге жүргізілген шығыстардың сомасы Есепті кезеңнің аяғына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы 1 2 3 4 5 Медициналық-әлеуметтік мекеменің басшысы ____________________ _____________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің бухгалтері ___________________ _____________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларына 7-қосымша Нысан Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану туралы 20__ жылғы ________________ _____________________________________________ бойынша есеп  (медициналық-әлеуметтік мекеменің атауы, мекенжайы) теңге Р/с № Қамқорлық-тағының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Есепті кезеңнің басына қамқорлықтағы- ның банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы Есепті кезеңге түсім-дердің сомасы Есепті кезеңге жүргізілген шығыстар сомасы Есепті кезеңнің аяғына қамқор-лық- тағының банк шотындағы ақшалай қара-жаттың қалдығы Бар-лығы оның ішінде қолма-қол ақшаны пайдалана отырып қолма- қол ақша сыз 1 2 3 4 5 6 7 8 ЖИЫНЫ: Медициналық-әлеуметтік мекеменің басшысы ____________________ _____________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Медициналық-әлеуметтік мекеменің бухгалтері ___________________ ______________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13533 болып енгізілді.