• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №467

334 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 31 мамыр, Астана қаласы Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпараттың және оны алу үшін өтінімнің нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiнің 31 және 32-тармақтарына сәйкес бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін өтінімнің нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпараттың нысаны бекітілсін. 2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі _____________ Д. АБАЕВ 2016 жылғы 3 маусым Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 467 бұйрығына 1-қосымша Нысан Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін өтінім Төлем тапсыр-масының № Төлем тапсыр-масының күні Төлем тапсыр-масының сомасы Төлемді тағайындау коды Банк опера-циясының референсі Төлеушінің жеке немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі Төлеушінің атауы 1 2 3 4 5 6 7 Қолдары: Басшы ____________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Бас бухгалтер _____________________________тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөрдің орны Өтінім тіркелген күн: 20 ___ ж. «___» _______________________ _____________________________________________________________ өтінімді қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 467 бұйрығына 2-қосымша Нысан Берілген күні, шығ. № Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат Төлем тап-сырмасы-ның № Төлем тап-сырмасы-ның күні Төлем тапсыр-масының сомасы Төлемді тағайындау коды Банк операция сының референсі Төлеушінің жеке немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі Төлеу-шінің атауы Файлдың атауы (Dbf) 1 2 3 4 5 6 7 8 Қолдары: Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы _________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы _________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөрдің орны Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 4 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13871 болып енгізілді.