2016 жылғы 15 шілде, Астана қаласы
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегіҚазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерініңЭталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және ресми баспасөз басылымдарына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы Б. НҰРЫМБЕТОВ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 15 шілдедегі №619 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының
күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің2003 жылғы 29 қаңтардағы № 83 бұйрығы(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2159 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдар актілерінің жинағында 2003 жылы №12 болып жарияланған).
2. «Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 шілдедегі № 379 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5744 болып тіркелген, «Заң» газетінде 2009 жылғы 28 тамызда№131 болып жарияланған).
3. «Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 478 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5828 болып тіркелген, «Заң» газетінде 2009 жылғы 17 қарашада №175 болып жарияланған).
4. «Ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі медициналық ұйымдардағы стационарлық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының2010 жылғы 7 шілдедегі № 498 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6370 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 241 болып жарияланған).
5. «Қазақстан Республикасының балаларына аллергологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының2010 жылғы 23 шілдедегі № 532 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6411 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 241 болып жарияланған).
6. «Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында медициналық көмекті жетілдіру бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 164 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6897 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдар актілерінің жинағында 2011 жылы №6 болып жарияланған).