• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
07 Қазан, 2016

Турнир тартысқа толы болды

270 рет
көрсетілді

Ақтөбедегі «Достық» үйінде тоғыз­құмалақтан Президент Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін ерлер мен әйелдер халық­­­аралық турнирі мәресіне жетті. Оны Мәдениет және спорт ми­нистр­­­лігі, республикалық тоғыз­құ­ма­­лақ қауымдастығы, об­лыс­тық әкімдік, спорт және дене шы­­­­нық­­­тыру басқармасы ұйым­дас­­­тырды. Турнирге Қытайдан, Мо­ңғо­лия­дан, Өзбек­станнан, Түрі­к­­мен­станнан, Ресей­ден, Қыр­­­ғыз­­станнан және еліміздің об­лыс­­тары­нан 70-ке жуық тоғыз­құма­лақ­шы қатысты. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» дегендей, мұндайда бақтан гөрі бабы келіскен спорт­шының жұлдызы жанатыны бел­гілі. Ерлер арасында астана­лық ха­лық­аралық дәрежедегі спорт ше­бері Ғалымжан Темір­баевқа тең келер ешкім болмады. Бірін­ші орын алған оған 1 ми­ллион теңге сыйлық берілді. Екін­ші орын шығысқазақстандық ха­лық­­аралық дәрежедегі спорт шебері Алмас Жақсылықов­­қа бұйырды. Ол 500 мың тең­­ге ақшалай сый­лыққа ие бол­ды. Ақтөбелік халық­­аралық дә­ре­ж­едегі спорт шебері Медет Құсайынов үшінші орын­ға көтеріліп, 300 мың теңге ақша­лай сый­­лыққа қол жеткізді. Ал әйелдер арасында топ жар­ған Оңтүстік Қазақстан облы­сы­ның өкілі, халықаралық дәре­же­дегі спорт шебері Әсел Далие­в­аға 1 миллион теңге ақша­лай сый­лық тапсырылды. Екін­ші орын алған ақтөбелік халық­аралық дәре­жедегі спорт шебері Диана Ке­нина  500 мың теңгеге ие болды. Қос­танайлық спорт ше­бері Гүл­нұр Спанова үшінші орын­ға табан тіреп, 300 мың теңге ақшалай сый­лық алды. Президент жүлдесіне арнал­ған халықаралық турнирдің бас төре­шісі, Қазақстанның еңб­ек сіңірген жаттықтырушысы Қаби­дол­­ла Нұршиннің айтуынша,  жа­­рыс­қа бұрыннан осындай турнирлерде ол­жа сал­ып жүрген шебер тоғызқұма­лақ­­шы­лар жиналған. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы