• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Қазан, 2016

Теологтың қызметін биолог атқарып жүр

341 рет
көрсетілді

Тарихтың кейбір кезеңдері қайталанып жататын сияқты ма, қалай өзі... Молда-имамдарға қырғидай тиген өткен ғасырдағы репрессия жылдары ел құмған ұстауға қорқып қалған еді. Қазір «Құдайға неғып сенесің?» деп ешкім қару кезенбейді. Құлшылық етсең де, етпесең де өз еркің. Бірақ соңғы кездері «Пәленше намаз оқиды екен» деген әңгіме айтыла қалса, «Аллаға шүкіршілік» деудің орнына «Ойпырым-ай, ол «анандайлардың» қатарынан болып жүрмесін, балағы қысқа, сақалы ұзын емес пе екен, әйтеуір?» – деп әлгіге күдікпен қарайтынымыз бар. Әрине, асыл дініміздің абыройын ешкім де түсіре алмайды. Деген­мен де, дін мәселесінде өте сақ, өте қыра­ғы болмасақ, жастардың теріс ағым­дарға бұрылып кетуі лезде бола­тын жағдай екенін байқап жүрміз. Осыдан кейін діни тұрақтылық әрбір қазақстандықтың бақуат­ты өмір сүруінің, әрі экономика дамуының бірден-бір алғышарты­на айналды десек, артық болмас. Әйтсе де, осынау өліара сәтте дін мәселе­сіне жүрдім-бардым қарай­тын басшылар бар екен. – Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде­гі 2013-2017 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламаны жүзеге асыру индикаторларына қол жет­кізу үшін ұйымдастырылатын іс-шара­ларға облыс тұрғындарының 75 пайызын қамту қарастырылған, – дейді бұл жөнінде Жамбыл об­лыстық дін істері басқармасының бас­шысы Жангелді Омаров. – Бұл мақ­сатқа қол жеткізу үшін барлық деңгейдегі жауапты атқарушы органдар өз жұмыстарын күшейтулері керек. Зерделеу жұмыстарының қоры­тын­дысы ауыл әкімдерінің жұ­мыс­тарында діни ахуалды қа­лып­тас­тыруға нақты бетбұрыс және қа­таң талап жасау қажеттілігін көрсетеді. Мәселен, Байзақ, Жам­был, Жуалы, Қордай, Меркі, Мо­йын­­­­құм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандарындағы ауыл­дық округ­тер әкімдерінің көбі бұл бағ­­­дар­­ламадан бейхабар. Тіпті, об­лыс­­­тық іс-шаралар жоспарларымен мүлдем таныспағандығы және жете мән бермеуі ойландырып отыр. Иә, ауыл әкімдері әлі де бейқам­дық танытуда. Сол себепті, барлық аудан­да, республика бойынша қанат­­­қақты түрде «Жастар орта­лық­­­­тары» жанынан «Дін іс­тері бо­­йын­­­­ша» арнайы секторлар ашу ұсы­­­­ныл­­ған екен. Аталған сек­­тор­лар­­­­­дың қызметі тікелей дін мәсе­ле­­­­лері­не бай­ланысты болуы­на орай мін­­­дет­ті түрде дінтанушы ма­­­­ма­н­­­­дар­­ды жұ­мысқа тарту, діни ба­­ғыт­­­­­тағы жас­тардың сұранысына жауап бере алатын мамандарды алу бел­гіленген. Қазіргі уақытта облыс бойынша ашылған секторларға 27 штаттық бірлік бөлініп, оған бүгіннің өзінде 20 маман жұмысқа тартылыпты. Бірақ сол 20 қызметкердің негізгі мамандықтарына назар аударып көріңізші. Төртеуі мемлекеттік жергілікті басқару органдары­ның маманы, екеуі тарихшы, екеуі құқық­­танушы, тағы екеуі филолог, пси­холог, журналист, қаржы­гер, салық қызметкері, биолог, радиотехник. Тек төртеуі ғана кәсіби дін­танушы. Әрине, аудандарда дін сала­сының мамандары тапшы еке­­нін мойындау қажет. Сарысу аудан­ы­ның әкімі Б.Жайлыбаев сол төрт дінтанушының бірін жас маман ретінде пәтермен қамтамасыз етіп, жағдайын жасап отыр. Басқа ауданның әкімдері де неге осындай әрекеттерге бармасқа? Әйтеуір, бір жолын табу керек қой. Жасыратыны жоқ, Жамбыл облысындағы 11 қала, аудандардың ішінде, әсіресе, Қордайдағы діни ахуал ерекше назарда тұр. Бұған, әрине, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Қырғызстанның да ықпалы жоқ емес. Жастардың радикалды идеяға бой алдыру себептері­нің қатарына олардың әлеуметтік және материалдық жағдайының төмен­дігі, психологиялық жетіл­меуі, біреу­дің пікірінің жетегінде кетуі, жас­тық максимализм мен діни сауат­сыздығын жатқызуға болады. Осы және де басқа себептермен облыста жастардың бір бөлігінің шетелдік теологиялық оқу орындарына шығу фактілері кездеседі. Нақтырақ айтсақ, облыстан шетелге шыққан азаматтардың саны 32 адамды құраса, соның 22-сі осы Қордай ауданының тұрғындары екен. Ал осыдан кейін Қордай ауданы басшыларының «Дін іс­тері бойынша» ашылған арнайы сектор­ларға биолог пен салық­шы маман­­дығы иелерін жетекші етіп бекіткенін қалай түсінуге болады? Сондай-ақ, Тараз қаласында дәл осы қызметті радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандары атқарып жүр. Тіршілігі қайнап, адамы ағылып, берекесі төгіліп жатқан Қордай мен Таразда дінтану мамандарын табу қиынға түспесе керек. Меніңше, басшылардың бұл іске деген ықыласы жоқ. Жүрдім-бардым қарайды. Тағы бір айтары, облыстағы 278 мешіттің 260-ында арнайы бұйрықпен бекітілген имам болса, 18-інің имамы жоқ екен. Және өңірдегі 20 мешіттің құрылыстары әлі күнге толық заңдастырылмаған. Құжаттары дұрыс емес мешіттердің бесеуі Қордай ауданының енші­сінде болса, тағы бесеуі Шу ауданында көрінеді. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан»  Жамбыл облысы