• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Қазан, 2016

Жас патриоттар форумы

516 рет
көрсетілді

«Облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлға­лар бірлестігі, «Қоғамдық келісім» комму­налдық мекемесі облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешенінде «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ұлт» атты аймақаралық патриоттық форум ұйымдастырды. Оған Ресейдің Орынбор, еліміздің Қызылорда, Атырау облыстарынан және Ақтөбе қа­ласы мен аудандардан келген жас­тар, пат­риоттық клубтар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар өкілдері, екі мәрте Кеңес Одағының Ба­тыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты­ның және заң институтының курсанттары қатысты. 300 адамның басын қосқан алқалы жиын мақ­саты өскелең ұрпақтың бойына ұлт­тық құндылықтарды сіңіре отырып, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру болып табылады. Салтанатты жиында «Қос Шынар» – Әлия-Мәншүк» қоғамдық қорының төр­ағасы Ғалымжан Байдер­бес Тәуелсіздік қас­терлі құндылық екенін жастар жадына салды. Қызылорда облыстық «Ерлік» үй­лестіру кеңесінің төрағасы Қайраддин Байма­ханов шараның маңы­зына тоқталды, ал орынборлық журналист Глеб Чугунов Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда құрылған №316 және Ақтөбе­де жасақталған №312 ди­­ви­зиялардың Мәс­кеуді ерлікпен қорғағанын әңгімеледі. Сұрапыл майдан даласында ерлікпен қаза тапқан­дар­ды іздестіру жұмыс­тары әлі де жүргізіліп жат­қанын атап өтті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы