• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Қазан, 2016

Биыл 28 адам «Болашақ» стипендиясынан айырылды

222 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылы 28 адам «Болашақ» президенттік стипендиясынан айырылды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жәмилә Нұрманбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Республикалық комиссия стипендиядан айыру туралы мәселені тұрақты негізде қарастырады. Бұл құпия емес. 2016 жылдың өзінде ғана үлгерімінің төмендігіне, әдетте, шетел тілін нашар меңгергендігіне байланысты 28 адам гранттан айырылды. Әрине,  шетел тілін нашар білу және дайындықтың төмендігі білім алу цикілін аяқтауға мүмкіндік бермейді. Бұған қоса, біз бағдарламаға қанша мол қаржының мемлекет тарабынан бөлінетіндігін білеміз. Осы орайда, бұл бағдарламада нәтижеге бағдарланған қаржыландыру ұстанымы қажет сияқты», - деді ол «Bolashak Alumni Reunion Conference and Education Fair - 2016 (BARCEF - 2016)» "Болашақ" бағдарламасының III халықаралық конференциясы барысында. Оның айтуынша, бұл шығындарды төмендету үшін үміткерлерді шетел тілін білу талабын күшейту қажет. Ал конкурстық процедуралардың тиімділігі мен транспаренттілігін арттыру үшін конкурстық іріктеу жүйесін автоматтандыруды қарастырған жөн. «Шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетімен түсетіндердің барлығы онлайн-режімде құжаттарды тапсырып, әңгімелесуден өтуге болатындығын, мұның барлығы тәуелсіз, ашық, әділ жүргізілетіндігін біледі. Бұл ретте Қазақстанда да мұндай мүмкіншіліктер қазіргі уақытта бар. Бұл аталған бағдарламаға талантты әрі мақсатқа ұмтылғыш жастарға мол мүмкіндік берер еді», - деді депутат. Нұрманбетованың мәліметтерінше, қазіргі уақытта 8855 стипендият оқуын аяқтаған. Олардың 2110-ы ғана (25 пайызы) өңірлерде қызмет етуде. Ал қалғандарының 32 пайызы Алматыда, 43 пайызы Астанада жұмыс істейді.