Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Гизела Стюарт бастаған Ұлыбританияның Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Бүкілпартиялық парламенттік тобының делегациясымен кездесті.
Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және стратегиялық әріптестіктің негізгі бағыттары бойынша байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.