• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2016

Қазақстанда ең арзан темекінің бағасы 300 теңге болады

523 рет
көрсетілді

  Қазақстанда 2017 жылдың басынан темекінің ең төмен бағасы 300 теңге болып бекітіледі. Бұл туралы бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Үкіметтің қаулысында айтылады. "Үкіметтің 2007 жылдың 4 сәуіріндегі "Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" № 260 қаулысына келесі өзгерістер енгізуді қаулы етеді: 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін - екі жүз жетпіс теңге мөлшерінде, ал 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап - үш жүз теңге (300) мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін", - делінген құжаттың мәтінінде. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең арзан темекі 200 теңгеге көтерілген болатын. Сол жылдың күзінде 220 теңгеге өсті. Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең арзанына баға 240 теңге мөлшерінде белгіленген еді.   Егемен-ақпарат