• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2016

Күн тәртібі келісілді

285 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының бюросында жоғарғы палатаның кезекті отырысының күн тәртібі келісілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенат отырыста Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді және Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы заң жобаларын қарайды. Одан басқа, Сенаттың тұрақты комитеттері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтерінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарауға кіріседі. Бұл заң жобасы бойынша Қаржы және бюджет комитеті бас комитет болып белгіленді.