Қазақстан Президенті Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану ісіне қосқан және қосып келе жатқан үлесі ұшан-теңіз. Мемлекет басшысы 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні аясында Астанада болып өткен «Ядролық қарусыз әлем құру» деп аталатын халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстанда ядролық қарусыздану және бейбітшілік жолында еңбек сіңірген адамдарға халықаралық сыйлық тағайындалатыны туралы хабарлаған еді. Және бұл сыйлықтың өзінің бастамасымен алдағы қараша айында Астанада өтетін бейбітшілік саммиті барысында тапсырылатынын да атап көрсеткен болатын.
Сөйтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін деп аталатын халықаралық сыйлық тағайындады. Қазақстан Президенті аталған алғашқы сыйлықты Иордания Королі Абдалла II-ге беру туралы шешім қабылдағанын жария етті. Бұл халықаралық сыйлық оған ядролық қарусыз әлем құруға қосқан үлесі үшін берілгелі отыр.
Қазақстандықтар бұл бастаманы бірауыздан қолдайтындықтарын білдіруде.
Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президентінің ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын Иордания королі ІІ Абдаллаға тағайындау туралы шешіміне толық қолдау білдіреді.
Осы сыйлықты тағайындау Елбасының планетаны ядролық қарудан азат ету жөніндегі орасан жұмысының жалғасы болып отыр.
Семей ядролық полигонын жабу, ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту адамзаттың халықаралық саясаттағы жаңа биік моральдық стандартына айналды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы Қазақстанның 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау жөніндегі бастамасын қолдады.
2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерейтойлық сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды, соның аясында БҰҰ-ның ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларациясын қабылдау ұсынылды.
Қазақстан Президентінің планетада әділ әрі қауіпсіз әлем құрылымын қалыптастыруға бағытталған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі кең ауқымды халықаралық резонансқа ие болды.
Қазақстан осы сыйлықтың толық құқылы құрылтайшысы, ал оны тағайындау адамдардың ХХІ ғасырда қауіпсіз және әділ әлем тәртібін орнатуға деген талпынысын жаһандық ынталандыру болады.
Жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздік жөніндегі жаңа арнаулы сыйлық тағайындау мәселесі өте өзекті.
Біздің бәріміз әлемде не болып жатқанының куәсіміз. Біздің Елбасы 2016 жылғы 29 тамыздағы «Ядролық қарусыз әлем құру» атты конференцияда жасаған баяндамасында ядролық қарулану жарысының салдарын айқындап берді. Планетаның болашағына алаңдайтын адам ретінде бұл зұлымдық ешкімге пайда әкелмейтінін айтты. Мұндай ауқымдағы іс-шара әлемнің барлық алаңдарында өтуі тиіс деп есептейміз.
Сыйлық жыл сайын 29 тамызда, Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні тапсырылатын болады. Және де Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жаһандық қоғамдастықты келісімге және ядролық қарусыз әлем құруға шақыратынына аса қуанышты.
2016 жылы 29 тамызда Астана қаласында Президент Н.Назарбаев жариялаған бейбіт бастамаларға, бейбітшілік сыйлығын тағайындауға қолдау ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің және елорда жұртшылығының қатысуымен «Ақ орамал» акция-митингі өтті.
Планетаның барша аналары үшін бұл қадам балалар қауіпсіздігінің кепілі болып саналады, бұл барлық әлемдік көшбасшылар үшін үлгі болуы тиіс.
Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі
* * *
Қазақстан ядросыз әлем құрылысы сияқты ізгі қозғалыстың әрдайым көш басында тұрды. Мемлекет басшысы атап өткендей, әлемдегі барлық халық пен елдердің күш-жігерімен шешілуі тиіс ядролық қару мәселесінен өзге жаһандық маңызды мәселе жоқ. Қайшылық мынада: кезінде осы ізгілікке қарсы қаруды жасағандар әлемнің ең жоғары марапаттарын алды.
Ал планетамызды және оны қоныстанған адамдарды апаттан қорғауға ұмтылып жүрген, бейбітшілік пен әділдік үшін күресушілер, соның бірі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, әлі күнге дейін халықаралық ұйымдар тарапынан лайықты награда алған жоқ.
Биыл сыйлық лауреаты Иордания королі Абдалла ІІ ибн-Хусейн болды.
Мен адамзаттың ілгерішіл бөлігі біздің дәуіріміздің ұлы гуманисіне, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіретініне сенімдімін.
Зиятдин КАСАНОВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Кеңесінің мүшесі
* * *
Шынтуайтында, әлемде бірде-бір ел, бірде-бір саяси көшбасшы адамзатты осы бір адамшылыққа жатпайтын жойғыш құралмен түбегейлі жоюдан сақтау үшін ядролық қаруға тыйым салу ісіне осынша күш-жігер жұмсаған емес.
Президент Назарбаев енді ядролық қарусыздануға және қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін жаңа арнаулы сыйлық тағайындау туралы шешім қабылдады, сондай-ақ оның Иордания короліне берілетінін жариялады.
Абдалла ІІ – күмәнсіз лайықты таңдау. Қазақстанның досы, мемлекеттік қайраткер, оның елі қақтығыстар белең алып жатқан Таяу Шығыстағы тұрақтылықтың аралы болып отыр. Сондықтан, осы халықаралық сыйлықты тағайындау Қазақстанның Таяу Шығысты реттеуге қосқан үлесі болып саналады.
Біз, «Барбанг» Қазақстан күрдтерінің қауымдастығы» бітімгер, гуманист, планетарлық деңгейде ойлайтын адамның – Елбасымыздың бастамасын қолдаймыз.
Князь МИРЗОЕВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясының
«Барбанг» Қазақстан күрдтерінің қауымдастығы» этномәдени бірлестігі, ҚХА Ғылыми сарапшылық кеңесінің мүшесі
* * *
Мемлекет басшысының бейбітшілік сыйлығын тағайындау туралы шешімін біздер, Қазақстан корейлері қауымдастығының мүшелері зор ризашылықпен қабылдадық.
Осындай бірегей сыйлық пен марапаттарды тағайындауға әлемдік қоғамдастық мойындаған, бейбітшілік пен келісім идеясын адамзаттың ең жоғарғы құндылығы санайтын саяси көшбасшылардың ғана моральдық құқығы бар.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығында еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануы ұлттық қауіпсіздікті нығайтудағы және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық қатысуындағы маңызды тарихи жетістігі болды.
Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі бастамалары ядролық қарудан және соғыстар мен қақтығыстар вирусынан азат әлем құруға бағытталады.
Біз еліміз тағайындаған Бейбітшілік сыйлығы бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін қоғамдық және саяси көшбасшылардың күш-жігерін топтастыруға ықпал ететініне нық сенімдіміз.
Роман КИМ,
Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан корейлері қауымдастығының
басшысы
* * *
Біздің ел – Бейбітшілік пен келісімнің үлкен халықаралық үйі.
Мұны жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздік үшін арнаулы сыйлығын Иордания Хашимиттік Корольдігінің Королі Абдалла ІІ ибн-Хусейнге тағайындау туралы шешім тағы да айғақтап отыр.
Терроризм, экстремизм, радикализм қаупі ұлғайып жатқан кезде әлем сын-қатерлерге рухани бастаудың тұтастығы, бейбітсүйгіштік және қоғамдық ынтымақ арқылы ғана қарсы тұра алады.
Қазақстан Республикасы саясатының Тәуелсіздіктің 25 жылында жеткен басты табыстарының бірі Н.Назарбаевтың есімімен байланысты әрі бейбітшілік пен келісім саясатының халықаралық эталоны ретінде танылған қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін жасағаны болып саналады.
Біз Мемлекет басшысының Қазақстан халқының тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтай отырып, татулық пен келісімде өмір сүруге, ортақ болашақ қалыптастыруға ұмтылу саясатын қолдаймыз.
Александр ДЕДЕРЕР,
«Возрождение» Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының төрағасы
* * *
Тура 25 жыл бұрын, 1991 жылғы 29 тамызда Қазақстанда семей ядролық сынақ полигоны жабылды.
Ол «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына қатысушылардың белсенділігінің, бүкіл ел халқының – шахтерлер мен металлургтердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің, ұлан-ғайыр Отанымыздың қалалары мен ауылдары тұрғындарының қолдауының арқасында жабылды.
Қазақстандықтардың антиядролық иммунитеті тәуелсіздік алғаннан кейін де көрініс тапты.
Қазақстан Республикасы өзіне мұра болып қалған орасан ядролық арсеналдан бас тартып, бүкіл әлемге бейбітсүйгіштік болмысын және сыртқы саясатта ядролық бопсалау тәсілінің қисынсыздығын көрсетті.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жүргізген ядролық қатерді төмендетуге және қауіпсіз әлемді қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі саясат елімізге ядролық қару таратпау қозғалысының белсенді жақтаушысы ретінде жоғары халықаралық бедел әперді.
Біз алғашқы лауреаты Иордания королі Абдалла ІІ болған Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін халықаралық сыйлығы біздің ортақ қауіпсіздігімізге нақты үлес қосқаны үшін тапсырылатын ең беделді сыйлықтардың біріне айналатынына сенімдіміз.
Біз Қазақстан Президенті Тәуелсіздіктің 25 жылдығында тағайындаған осы сыйлығы Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығы, Қытайдың «Конфуций сыйлығы» сияқты сыйлықтармен бір қатарда тұратынына сенімдіміз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері
* * *
XXI ғасырда балаларымыз мен немерелеріміздің болашағы, өткен ғасырлардың қасіретті қателіктеріне жол бермеу және әлемді соғыс қатерінен мәңгілік арылту үшін ойланып, бейбітшілік жолында күресуге әбден болады.
Біз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елімізде және бүкіл әлемде бейбітшілікті нығайтуға және сақтауға бағытталған саясатын толықтай қолдаймыз.
Шахисмаил АСИЕВ,
түріктің Алматы қаласындағы «Ахыска» бірлестігі төрағасының
орынбасары
* * *
Украинның Алматы қаласындағы этномәдени бірлестігі Қазақстан Республикасы Президентінің Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын Иордания Королі Абдалла II-ге ядролық қарусыз әлем құруға қосқан үлесі үшін беру туралы бастамасын қолдайды.
Біз бейбітшілік үшін бейбіт сыйлықты нақ Қазақстанның, біздің Көшбасшымыздың тағайындағанын мақтан тұтамыз.
Біз адамзатқа өзіміздің болашағымыз үшін үлкен жауапкершілік жүгін арқалайтынымызды айғақтай отырып, әлемдік қоғамдастықты адамзатты өлім себетін соғыс қатерінен мәңгілікке бірге арылтуға шақырамыз.
Тамара АГАПОВА,
Алматы қаласындағы украин этномәдени бірлестігінің төрайымы
* * *
Семей ядролық сынақ полигонын жапқан және әлемде алғаш болып атом қаруынан бас тартқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау режімінің Көшбасшысы болып табылады.
Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық жаһандық бастамаларының қисынды жалғасы болып отыр.
Қазақстан және Мемлекет басшысы бастамаларының мәні – бүкіл адамзатты ақылға және ізгі ниетке шақыру.
Юрий ТИМОЩЕНКО,
Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутат, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
* * *
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық танытқан «Әлем. XXI ғасыр» манифесі қазіргі әлемдегі өмір шындығына нақты да шынайы баға беріп қана қоймай, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды және қажетті жаһандық қағидаттарын ұсынады.
Н.Ә.Назарбаевтың Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын тағайындауы қисынды әрі оның салмағы мен беделін арттыра түседі.
Артуш КАРАПЕТЯН,
армяндардың Қазақстан Репсубликасындағы «НАИРИ» мәдени бірлестігі қауымдастығының төрағасы
* * *
Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығының Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша тағайындалуының терең нышандық мәні бар. Енді бұл сыйлық жыл сайын Семей ядролық сынақ полигоны жабылған 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні тапсырылатын болады.
Мемлекет басшысының Семей сынақ полигонын жауып, атом қаруынан бас тарту туралы тарихи қадамы әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосылған сүбелі үлес болды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстанның 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы бастамасына қолдау көрсеткенін бәріміз де жақсы білеміз.
Ал Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылы тағайындалуы бүкіл дүние жүзіне барлық халықаралық қоғамдастық үшін сенімге, бейбітшілік пен келісімге деген белгі болғаны анық.
Бұл – ядролық қарусыздану үшін жанын салып күресіп жүргендердің бәріне салмақты сыйлық!
Шаймардан НҰРЫМОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты,
Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени бірлестігінің жетекшісі
* * *
Мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттейтін негіз бейбіт үнқатысу мен конструктивті келіссөз болуы тиіс. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси бағытының дұрыстығы мен дәйектілігін, оның бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа деген саяси ерік-жігерін кезекті мәрте айғақтайды.
Аталған арнайы сыйлықтың Иордания Хашимиттік Корольдігінің басшысы Абдалла II ибн-Хусейнге тапсырылуы Қазақстанның Таяу Шығысты бейбіт реттеу ісінде ынтымағын көрсететін дана шешім болып табылады.
25 жыл бұрын Қазақстан әлемде тұңғыш болып Семей ядролық сынақ полигонын жапты.
Бейбітшілік пен соғыстың құнын әрбір белорус жақсы біледі. Сондықтан мен, Қазақстан азаматы ретінде, Көшбасшымыздың бүкіл әлемде бейбітшілік қалыптастыруға бағытталған бастамаларын толықтай қолдаймын.
Бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы жауапкершілікті толықтай сезіне отырып, Қазақстан халқы Мемлекет басшысының бейбітшілік пен қауіпсіздікке бағытталған барлық идеяларын қолдайды.
Еліміздің өз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып сайлануы кездейсоқ емес. Бұл – біздің Президентіміз саясатының мойындалуы, бұл – Қазақстан халқының бейбітшілік үшін күрестегі жеңісі.
Леонид ПИТАЛЕНКО,
ҚХА Төрағасының орынбасары,
Қазақстан Республикасындағы белорус этномәдени бірлестігінің жетекшісі
* * *
Бүгінде Қазақстан Республикасы жаһандық антиядролық қозғалыс көшбасшыларының бірі болып табылады. Бұл жоғары мәртебеге негізінде сансыз ядролық сынақтар, оның ішінде жер бетінде және әуеде жасалған жарылыстар ошағын жапқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қағидатты бейбітсүйгіш саясатының арқасында ие болдық. Ал ажал сепкен полигон бірнеше ондаған жылдар бойы тыным тапқан жоқ.
Бұл – атом радиациясының барлық салдарын бастарынан өткізген сан мыңдаған қазақстандықтар ұрпағының тағдырымен келген саясат. Сондықтан баршамыз Қазақстан Республикасы Президентінің Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын тағайындау туралы бастамасын толықтай қолдаймыз.
Бұл – қадам біздің бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке деген ортақ ұстанымымыз және де мемлекетіміздің бейбітсүйгіш сыртқы саясатының тағы бір жарқын көрінісі болып табылады.
Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы
* * *
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Ең алдымен Көк туы желбіреген Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтауға рұқсат етіңіз.
Алғашқы күнінен бейбіт даму жолын таңдаған еліміздің жаһандық қауіпсіздік бастамалары әлемдік қоғамдастықты мойындатуда.
Сіздің Тәуелсіздік тұғырындағы тұңғыш шешімдеріңіздің бірі – Семей ядролық полигонын жабу және әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту туралы Жарлығыңыз өте орынды және уақтылы болған деп есептейміз.
Өйткені, көреген қадамдарыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасында Қазақстан беделді мемлекеттердің санатына еніп қана қоймай, әлемнің алпауыттарын өзіне қарата білді.
Ядролық қарусыздану мен жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін халықаралық сыйлық тағайындағаныңыз еліміздің халықаралық саяси аренадағы имиджін одан әрі арттыруға септігін тигізетініне еш күмәніміз жоқ.
Қадірменді Елбасы! Әлем тыныштығына қосқан үлесіңіз еленіп, еңбегіңіз жансын деп тілейміз!
Хасан ШӘРІПОВ,
Астана қаласындағы өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары
* * *
Қазақстан – әлемге бейбітшілік пен достықтың алтын бесігі ретінде танылған мемлекет. Еліміз сыртқы саясатында әлем назарын жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне аударып келеді. Елбасының аймақтық және әлемдік мәселелерге қатысты бейбіт бастамалары үнемі халықаралық қоғамдастық алдында қолдау тауып, өз нәтижелерін беруде.
Бұл еліміздің беделін арттырып, сенімді серіктес ретіндегі әлеуетін ұлғайтуда. Бұған Қазақстанның 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып сайлануы дәлел.
Елбасы Н.Назарбаев Астана қаласында өткен «Ядролық қарудан азат әлем құру» атты халықаралық конференцияда жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздік бойынша арнайы сыйлық тағайындау туралы бастама көтерген болатын. Елбасының бейбітшілікті сақтаудағы игі бастамасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және әлемдегі ең ірі Семей ядролық сынақ полигонының жабылуымен тұспа-тұс келді.
Бүгін Иордания Королі Абдалла II ибн-Хусейнге ұсынылып отырған халықаралық сыйлық – Қазақстанның дүние жүзі алдындағы батыл да бейбіт ұстанымының айғағы.
Қазақстан – атом бомбасынан тікелей зардап шеккен және ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірден-бір ел. Олай болса, Президент Нұрсұлтан
Назарбаев тағайындаған бұл сыйлық барша әлем алдында салмақты орын алатыны хақ.
Наталья ЖҰМАДІЛДАЕВА,
Парламент Мәжілісінің депутаты
* * *
Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығының тағайындалуы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көпқырлы бейбітсүйгіш саясатындағы жаңа қадам болып табылады.
Бүгін, бүкіл әлем жанжалдармен дүр сілкініп, қауіпті құздың шетінде қалт-құлт етіп тұрған сәтте Президентіміздің арнайы тағайындалған сыйлықты Иордания Королі Абдалла II ибн-Хусейнге беру туралы шешім қабылдауы Қазақстанның бүкіл Жер шарына жанжалдарды тек бейбіт құралдармен шешу бағытынан айнымайтындығын айғақтады.
Бұл, екінші жағынан, әлем елдерінің көшбасшыларын ешкімнің де осы аса өткір халықаралық саясат проблемасынан тыс қалуы тиіс емес екендігіне үндейді. Біз «қауіпсіздік табалдырығы» төмендеп, ядролық қатерге қарай кезекті мәрте жылжып бара жатқандаймыз. Сөйтіп, ядролық риторика тағы да халықаралық лексиконнан орын ала бастады.
Ядролық соғыста жеңімпаздың болмайтынын ешқашан естен шығармағанымыз жөн. Сондықтан, Қазақстан Президентінің Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын тағайындауы халықаралық қоғамдастыққа жауапкершілік, ядросыз әлем құру жолында кезекті мәрте ескерту болып табылады.
Нарине МИКАЕЛЯН,
Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутат