Алматыда жол көлік апатынан ер адам мен оның 3 жасар ұлы қайтыс болды. Mercedes маркалы автомобиль жүргізушісі Шаймерденов көшесінің бойымен жүрген. Бұрылыста ол көлікті басқара алмай, жыраға түсіп, ағашқа соғылған. Апат салдарынан жүргізуші ер адам мен оның үш жасар ұлы қаза тапты.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, жол-көлік апаты куәгерлерінен жауап алынды және оқиғаның өзге жайлары анықталды.