• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2016

"Бәйтерек" баспана құрылысындағы жоспарды орындайды

313 рет
көрсетілді

Баспана құрылысында «Бәйтерек» холдингі биылғы жоспарды толық деңгейде орындайды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаражатты және Ұлттық қор қаржысының тиімді жұмсалуын бақылау жөнінідегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы комиссияның отырысында мәлім болды. «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары - Қазақстанның ипотекалық компаниясы мен Бәйтерек Девлопмент «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалға берілетін және несиелік тұрғын үй құрылысы бойынша операторлар болып табылады. 2015 жылы 401 мың шаршы метрлік жалға берілетін тұрғын үй бойынша жоспарды орындау кезінде 425,5 мың шаршы метр пайдалануға берілді. 2016 жылы холдинг алдына жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылатын 326 мың шаршы метрді құрайтын баспананы салу міндеті қойылды. Атап айтқанда, жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру жөнінде биылғы міндетті толық көлемде орындау жоспарлануда», - деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев. Естеріңізге сала кетейік, «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес, жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың арасында ғана үлестіріледі. Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана бастапқы жарнасыз 20 жылға дейін беріледі. Тұрғын үйді жалдау құны Астана мен Алматы қалаларында 1 шаршы метр үшін 1 120 теңге, ал қалған өңірлерде әрбір шаршы метрі үшін жалдау құны 930 теңгеден аспайды. «Мысалы, Астанада ауданы 50 шаршы метр 2 бөлмелі пәтерді сатып алу құқығымен жалға алудың құны айына шамамен 56 мың теңгені құрайды»,-деді басқарушы директор. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, Бәйтерек Девлопмент арқылы жалға берілетін және несиелік тұрғын үйді салуға биыл Ұлттық қордан қосымша 113 млрд теңге бөлінді, оның 25 млрд теңгесі экономикалық өсімді ынталандыру жөніндегі қысқа мерзімді шараларға уақытша үлестірілді. Холдинге бөлінген қаражат есебінен 2016-2017 жылдары жалға берілетін тұрғын үйдің 324,1 мың шаршы метрін және несиелік баспананың 366,9 мың шаршы метрін тапсыру міндеті қойылды. «Бүгінде 2016-2017 жылдары енгізілетін 78,9 млрд. теңге сомасына 498,3 мың шаршы метрді (8 289 пәтерді) салуға шарттар жасалды. Бұдан басқа, 39,6 млрд. теңге сомасына 225,4 мың шаршы метрді (3 346 пәтер ) құрайтын жобалар пулы бар. Олар бойынша меморандумдарға қол қойылды... Біз құрылыстың құнын 1 шаршы метр үшін өңірлерде 180 мың теңгеден асырмайтын, сондай-ақ Астана, Алматы, Атырау және Ақтауда 200 мың теңгеге дейін ұсынатын құрылыс салушылармен барынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», - деді Қ. Өскенбаев. Бұл ретте баспананың жалпы ауданы 80 шаршы метрден аспауы тиіс.